Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жаңа жыл қарсаңында жоғалып кеткен ақтаулық әйел бір аптадан кейін табылды

Ақтауда бір апта бұрын жоғалып кеткен сатушы әйел табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме беріп.

Әйел құрбысының үйінде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта ол үйіне қайтарылды, жағдайды қалыпты.

"Маңғыстау облысы департаментінің Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері әйелді іздеу бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Жеке өмірге қатысты мәліметтер болғандықтан, оқиғаның егжей-тегжейі жария етілмеді", - деп хабарлады полиция.


Төрт баланың анасы іздестірілуде: Шымкентте жоғалған әуежай қызметкерінің туыстары әйел жайлы айтып берді 


Бұған дейін 41 жастағы Наталья Алешинаны іздеу бір апта бойы жүргізілгені туралы хабарланған болатын. Жаңа жыл қарсаңында әйел құрбысын құттықтаймын деп, үйіне оралмаған. Содан кейін туыстары әйелдің барлық достары мен таныстарына хабарласса да, нәтиже болмаған.

Талқылау