Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда 7 ай бұрын жоғалып кеткен қазақстандық өлі күйінде табылды

Түркияда 7 ай бұрын жоғалған қазақстандық өлі күйінде табылды. 21 жастағы Арайлым Орынбаева 2020 жылдың мамыр айында Анталияда жоғалып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, полиция әйелдің ұялы телефонының сигналы бойынша соңғы рет қазақстандық тұрған жерін анықтаған. Олар Сарысу ауданындағы Анлтыняк көшесіндегі орман аймағына келген. Орманды іздеу барысында полиция Арайлым Орынбаеваның ағашқа ілініп тұрған денесін тапқан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қыз өзіне-өзі қол жұмсаған, денесі Анталияның сот медицинасы институтына жеткізілді.

Еске салайық, 21 жастағы қазақстандық Арайлым Орынбаева 9 мамырда Түркияның Анталия қаласында жоғалып кетті. Оның анасы, 41 жастағы Салтанат Орынбаева біраз уақыт бұрын Түркияға қызы мен екі ұлымен көшіп келген. Оның айтуынша, 21 жастағы қызы не төлқұжатын, не ақшасын алмай, үйден кетіп қалған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық қыздың жоғалғаны туралы ақпаратты растады. 

"Түркияда тұруға рұқсаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз біздің азаматты іздеп жатқан жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда", - деді СІМ.

Талқылау