Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен 21 жастағы қазақстандық ару 2,5 ай бойы іздестірілуде

Арайлым Орынбаева есімді 21 жастағы қазақстандық ару Түркияда жоғалып кетті. Аруды іздеу жұмыстары 2,5 ай бойы жалғасуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Hurriyet басылымына сілтеме жасап. 

қыз

Бұл туралы қыздың анасы 41 жастағы қазақстандық Салтанат Орынбаева мәлімдеді. Әйел Түркияда қызы және екі ұлымен тұрады. Мамыр айында ол Арайлымның жоғалғаны туралы полицияға хабарласқан.

Қыздың анасының айтуынша, Арайлым не паспорт, не ақша, не өзге де құжаттарын алмастан үйден шығып кекен.

Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі жоғалған қыз туралы ақпаратты растады.

"Білуімізше, ол шамамен 2,5 ай бұрын үйінен кеткен. Ол құжаттарын үйде қалдырған. Түркияда тұруға рұқсаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз біздің азаматты іздеп жүрген жергілікті полициямен байланыста. Мәселе бақылауда", - дейді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Соңғы рет куәгерлер таулы аймақтағы Хурма-Шайр зиратының аумағында Арайлымға ұқсас қызды көргендерін айтады. Полиция сол жерді тексерді, бірақ әлі де қазақ әйелінің ізі табылған жоқ. Іздеу жалғасуда.

Талқылау