Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауда министрлігінің өкілі елде қандай өнімдердің қымбаттауы мүмкін екенін айтты

Сауда министрлігі сауда комитенінің төрағасы Айдар Әбілдабеков елде қандай тауарлардың бағасы өсуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

күріш

Комитет төрағасының сөзінше, сыртқы жағдайларға байланысты Қазақстанда күріш бағасы өзгеруі мүмкін. 

"Бірақ бұл туралы ешкім айта алмайды, сыртқы нарықтың әсері жоғары. Мәселен, Үндістан буланған күріш сатуға тыйым салмақ немесе Қытайда тасқын салдарынан күріш өндіретін аумақтар су астында қалды. Сыртқы нарық Қазақстан нарығына әсер етеді. Сондықтан барлық аумақтық әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен әкімдіктермен бірге Қызылорда күріші бойынша жәрмеңке өткізіп, келісімшарт жасастық. "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" АҚ күріш бойынша үлкен шарт жасасып, қорымызда бұл күріш болуы үшін ірі көлемде ақша бөлді", – деді Әбілдабеков. 

Сондай-ақ комитет жетекшісі Қазақстан қажетті өнімдермен толығымен қамтамасыз етілетінін атап өтті. 

"Басқа өнімдер бойынша баға айтарлықтай өседі деп айта алмаймын. Нарық үнемі "ойнап тұрады", біз шаруаның жұмысына араласып, арзан бағада сатуға мәжбүрлей алмаймыз", – дейді шенеунік. 

Талқылау