Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Рэпер Скриптонит Павлодар облысы билігімен дауласып қалды

Белгілі рэпер Скриптонит пен Павлодар облысы әкімдігімен арасындағы дау әлі де жалғасуда. Өнер иесі Павлодар билігін өзінің атын пайдаланып жатыр деп айыптауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

скриптонит

Алғашқыда Павлодар облысының басшылары Скриптонитті тегін концерт беруге шақырғандарын айтқан еді. Музыкант Павлодар облысында дүниеге келгендіктен, жергілікті билік өкілдері оны шақыруды жөн деп тапқан.

Сондай-ақ, жергілікті билік Мария Мудряк, Меруерт Түсіпбаева, Ринат Молцагов, Роза Мұқатаева сынды өнер иелерімен келіссөз жүріп жатқанын хабарлаған болатын.

Бұл орайда Скриптонит Астанадағы концерт кезінде ешқандай да келіссөз жүргізілмегенін айтты. Сондай-ақ, ол Павлодар әуежайы мен жолдарын сынға алды. Туған ауылының инфрақұрылымы төмен деңгейде екенін де сөз етті.

Алайда жергілікті билік өкілдері рэпердің сынымен келіспейді. Олардың пікірінше, музыкант туған еліне біраздан бері келмегендіктен, мұндағы жағдайдан бейхабар. Ал жол мен инфрақұрылым соншалықты жаман емес деген пікірде әкімдіктегілер.

Сондай-ақ, билік өкілдері «Скриптониттің продюсері Ольга Агадамен» байланысқа шыққандарын атап өтті. Алайда Агада гастрөлге байланысты, рэпердің келе алмайтынын ескерткен.

Алайда іс мұнымен біткен жоқ. Скриптонит әкімдіктің шағымына тағы да жауап қатты. Оның пікірінше, әкімдік елдің назарын аудару мақсатында музыканттың атын пайдаланып жатыр.

«Біріншіден, ол менің концерттік директорым/менеджерім, бірақ продюсерім емес, Менің ешқашан да продюсерім болған емес. Екіншіден, сөздеріңізге қарасам, сіздерге жауап берілген, бірақ концерт нақты жоспарланған. Яғни менің қатысуым туралы келіссөз жүріп жатыр дегеннің өзі сандырақ. Расымен де менің «продюсеріммен» сөйлескен болсаңыздар, скрин көрсетіңіздер», – дейді рэпер.

Өнер иесінің бұл шағымына Павлодар билігі әзірге жауап берген жоқ.

Оқи отырыңыз: 

Төсіңді жапшы: Мәдина Сәдуақасова ашық-шашық суретін жариялап, жұрттың ашуына тиді

Белгілі КТА ойыншысы шаңырақ көтерді (фото)

Айсәуле Бақытбек анасын пышақтаған әкесінің әрекетіне түсіністікпен қарайтынын айтты

Түйсігі мүгедектер: Ерке Есмахан ажырасқаны үшін сын айтқандарға жауап берді

Талқылау