Ресейдегі мобилизация: Байқоңырда тұратын ресейліктер соғысқа шақыртылмайды
Байқоңырда Ресей азаматтарын ішінара мобилизациялау бойынша іс-шаралар өткізілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әскери қызметке өз еркімен түскен тұрғындар ғана жұмылдырылуы мүмкін. Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласында РФ азаматтарын есепке алу-шақыру жұмыстары әскери комиссариат арқылы жүргізіледі.
"Байқоңыр қаласы Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірлігі екенін ескере отырып, қазіргі уақытта Ресей азаматтарын соғысқа шақырту шаралары жүргізілмейді", - делінген Байқоңыр қаласының ресми сайтында.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін Қазақстанның мобилизациядан қашқан ресейліктерді ұстап бермейтіндігі жарияланған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды