Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресей орманындағы өрт түтіні Қазақстанға дейін жетті

Сібірде өртеніп жатқан ормандардан шыққан түтін Қазақстанның бірнеше аймағына дейін жетті. 

Ресей орманындағы өрт түтіні Қазақстанға дейін жетті

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазгидрометтің хабарлауынша, өрт түтіні Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарын, Қостанай облысын, Нұр-Сұлтан қаласын қамтыды. Сонымен қатар Қарағанды ​​облысына және Алматы облысының солтүстік аудандарына таралды.

Түтінді Ақмола облысында, Нұр-Сұлтан қаласында, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарында көруге болады.

Әуе орман күзетінің мәліметтеріне сәйкес, 28 шілде күні сағат 0: 00-де Ресейде 89 мың гектардан астам аумақты шарпыған 126 орман өрті болды. Күні бойы 834 гектар аумақта 46 өрт жойылды.

Бұған дейін министрлік Сібірдегі орман өрттеріне +30 градусқа дейінгі ыстық температура себеп болғанын айтты. Жаңбыр жаумай, жер құрғақтанып, онымен қоса жел соққаны әсер еткен. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр