Сенімді серпін: Bank RBK депозиттер өсімі бойынша көшбасшы атанды

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердегі салымдар осы жылдың 1 мамырына қарай 48,2 триллион теңгеге жетіп, бір айда 1%-ға артты. Мұны Ranking.kz Қазақстан Ұлттық банкінің деректеріне сілтеме жасап мәлімдеді. Айта кетейік Қазақстанда 23 банк жұмыс істейді, олардың ішінде шетелдік қатысуы бар 14 екінші деңгейлі банк бар, соның ішінде 10-ы еншілес банктер.
Халық пен бизнестің салымдарын ең көп шоғырландырған үздік 10 банктің ішінде айлық өсім бойынша айқын көшбасшы – Bank RBK. Ол 8,9%-ға (яғни 159,2 миллиард теңгеге) өсіп, 1,95 триллион теңгеге жетті. Жылдық көрсеткіш те 28,7%-ға артқан. Бұл Қазақстанның жалпы екінші деңгейлі банктері бойынша көрсеткіштен (11,9%) жоғары.
Bank RBK өнімдері халық арасында да, бизнесте де танымал. Атап айтқанда, жеке тұлғалар үшін банк әртүрлі депозит түрлерін ұсынады. Икемді Depositum (ЖТСМ — 14,5%-ға дейін), жинақтаушы Dream және Grand (ЖТСМ — 19%-ға дейін), SAFE (ЖТСМ — 17,51%-ға дейін).
Бизнеске арналған депозиттер бойынша да Bank RBK-ның өнімдер желісі кең: корпоративтік депозиттер, жер қойнауын пайдаланушыларға арналған шартты салымдар, сондай-ақ ең қысқа мерзімді "овернайт" депозиттері. Айта кетейік, банктегі бизнес салымдары бір айда рекордтық 17,1%-ға өсіп, 1,16 триллион теңгеге жетті – бұл Қазақстанның ірі банктері арасында да ең жоғары көрсеткіш. Мұндай нәтижелер банктің нарықтағы сенімділігін, соның ішінде бизнес тарапынан да үлкен сенімге екенін көрсетеді.

Айлық өсім бойынша ірі екінші деңгейлі банктер арасында екінші орында Kaspi Bank иеленді. Ол 3,7% өсіммен, 8,2 триллион теңгеге дейін жетті. Сондай-ақ алғашқы үштіктер тізімін Freedom Bank аяқтады. Ол 2,4% өсіммен 1,6 триллион теңге жетті.
Сондай-ақ айлық динамикада Halyk Bank (1,7%) және Банк ЦентрКредит (0,7%) оң көрсеткіш көрсетті. Қалған ірі депозит иеленуші банктердің көбі салымдар портфелін қысқартқан.
Анықтама үшін: жалпы сектор бойынша бизнес салымдары бір айда 0,4%-ға өсіп, 19,6 триллион теңгеге жетті, ал халықтың депозиттері 1,4%-ға артып, 28,6 триллион теңге болды.
Жылдық динамикада бизнес салымдарының портфелі 7%-ға, ал халық депозиттері 15,5%-ға ұлғайды.

ҚНРДА берген 05.04.2021 ж. № 1.2.100/245/41 лицензиясы
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді