Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Павлодар тұрғыны дәрігердің қателігінен кейін көз жанарынан айырылды

Павлодар тұрғыны Татьяна Заступ мұрындағы ісікті алып тастау отасынан кейін көрмей қалған. Мұның себебін білу үшін ол 4 ай бойы түрлі емханаға барып көрді.

1464339489_dsc_8226-copy

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Татьяна жарты жылдан бері күйзелісті бастан кешіп келеді. 2015 жылы жеке емханаға барып, мұрнындағы ісікті алдырмақ болады. Ісік – жұқпалы аурулардан кейін пайда болатын жабысқақ ірің. Ол тыныс алуды нашарлатады. Көп адамдарда кездесіп жатады.

Бұл ота түрі оңай жасалады, алайда дәрігер Сергей Янус мұрынның гайморитті жоғарғы қабырғасына тиіп кеткен. Ол көз талшықтарына әсер етеді.

“Анық көре алмаймын. Оң көзім мүлде көрмейді. Сол көзіме күш түседі. Мұндағылар көмектесе алмайтындарын айтты”, – дейді Татьяна Заступ.

Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, жәбірленушінің көзі отадан соң нашарлаған. Денсаулығына зиян тиген, бірақ дәрігерді жазалау мүмкін болмады.

“Рақымшылыққа байланыты 2016 жылдың желтоқсан айында іс жабылды”, – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Баян Мағзұмова.

Жәбірленуші азаматтық сотқа жүгініп, моральдық өтемақы талап етті. Емхана аталған қаражатты төлеуден бас тартты. Ондағылар дәрігердің онымен бірге Алматыдағы консультацияға бірге барғанын атап өтті. Алайда Татьяна мұны үлкен іс деп есептемейді. Тіпті, жарты жыл бойы емхана мен дәрігердің кешірім сұрамағанына ренжулі.

Тағы да оқыңыз:

2 млн теңге тауып алған Шымкент тұрғыны иесін іздеп тауып қайтарып берді

Астанада алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі 14 оқушыны ұрып тастаған

Бердібек Сапарбаев зәулім үйлер тұрғызған дәулетті отбасылардан тәубеге келулерін сұрады

Талқылау