Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пара алды деп айыпталған экология министрлігінің лауазымды тұлғалары сотталды

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Gov.kz

Сотталушыларға екі эпизод бойынша айып тағылды.

2021-2024 жылдары комитет төрағасы басқарма басшысымен сөз байласып, комитетке бағынышты ұйымның бас директорынан 1,5 миллион теңге пара алған. Бұл ақшаны аудартқан.

Содан соң Нариман Жүнісов ЖШС директорынан 2 миллион теңге пара алған.

Комитет төрағасы мен басқарма басшысы кінәсін мойындады. 

Олар мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 6 жылға сотталды.

 Уәкілетті органға сыбайлас жемқорлық туралы, балық шаруашылығы қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың орын алуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау жайында жеке қаулы шығарылды.

Сондай-ақ президентке Комитет төрағасын мемлекеттік наградадан айыру туралы ұсыныс енгізілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Талқылау