Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Өзгелерге көмектесіп жатқан": Павлодар облысында жол апатынан тірі қалған жүргізушіні екінші көлік қағып өлтірді

Павлодар-Қарағанды тас жолында жол талғамайтын көлік апаттан тірі қалып, өзгелерге көмектескен жүргізушіні қағып өлтірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

апат

Жантүршігерлік жол апаты 22 қаңтарда болған. Видеодан бірнеше адамның төңкерілген көліктің жанында тұрғанын көруге болады. Сол сәтте оларды жоғары жылдамдықпен келген өзге көлік қағып кетеді. Нәтижесінде бір адам көз жұмып, үшеуі ауруханаға жеткізілді. 

Көз жұмған ер адамның "Яндекс.Такси" сервисінің жүргізушісі екені анықталды. Куәгерлердің сөзінше, такси жүргізушісі көлігі бұзылғандықтан жолдың ортасына тоқтаған. Алайда екінші көлікпен соғылып, такси жолдың қарсы бетіне шығып кеткен.

"Апаттан соң жүргізуші мен жолаушылар көліктен шыққан. Такси жүргізушісі бірінші апаттан кейін тірі қалып, адамдарға көмектескен, көліктерді тоқтатып, төңкерілген автокөлікке соғылып қалмауын ескерткен. Сол сәтте жоғары жылдамдықпен келген жол талғамайтын көлік оны қағып кетті. Біз көлікте отырып адамдардың қалай ұшқанын көрдік", – дейді куәгер. 

Зардап шеккендер Екібастұз ауруханасына жеткізілді. Олардың қазіргі жағдайы белгісіз.

Талқылау