Өскеменде жылы аялдаманың шынысы қыздың үстіне құлап кетті
Өскеменде жылы аялдамада шыны құлап, кішкентай қыз зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Сәтпаев көшесіндегі жылы аялдамада болған. Ақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған.
"Зардап шеккен қыз ана мен бала орталығына жеткізілді. Ол жерді мамандар қызды қарап шықты. Қыз жеңіл жарақат алған, тері асты гематома түзілген", - делінген хабарламада.
Қазір қыздың жағдайы жақсы, тексерістен соң үйіне жіберілген.
Еске салайық, Алматыда фотостудияда 4 жасар қыздың үстіне 80 кг айна құлаған еді. Қызды жедел жәрдем алып кеткен. Оның беті мен қабағы қатты кесілген, миы шайқалған. Әйел фотостудия басшылығының әрекетіне наразы. Сөзінше, ондағы ер адам дөрекілік танытып, әйелдің өзін кінәлаған.
Талқылау

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
Былтырдан бері 113 адам жауапқа тартылып, 50 миллион теңгеден астам айыппұл салынған екен

"Құс үркітіп сағатына 8 200 теңге таптым": Англияда жүріп 1 миллионнан аса айлық алатын қазақстандық жұмысы туралы айтып берді
Алтынай: "Қазақстанда пәтер ақысы, несие, бала-шағаға айлықты жеткізе алмай қиналатынымыз рас”