Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Орал тұрғындары қала әкімінің отставкасын талап етіп, петиция құрды

Оралдықтар қала әкімі Абат Шыныбековтің отставкасын талап етіп, петиция құрды. Бір тәулікте оған 8 мыңға жуық адам қол қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Фото: Egov.press

27 наурыз күні құрылған петицияға 7 814 адам қол қойған. Алайда әкімнің отставкаға кетуін 2 792 ғана адам қолдап, қалған 5022 қол қоюшы қарсы шыққан. 

"Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтің отставкаға кетуін талап етеміз. Абат Шыныбековті қала әкімі етіп тағайындағалы бері қала иесіз қалғандай.



Халық оның жұмысына риза емес. Қалада жол жөндеу жұмыстары нашар жүргізілуде, үнемі авариялар болып тұрады. Ай сайын дерлік қала сусыз қалып отырды. 

Бұлай жалғаса берсе, қала халқының әкімнің жұмысына көңілі толмауына себеп көп", - делінген петиция мәтінінде. 

Тұрғындардың пікірінше, мәселені тек мемлекет басшысы шеше алады. 

Назгүл Әбушәріпқызы
Дүйсенбі, 28 Наурыз, 2022 15:52
Талқылау