Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Опа-далапты жарнамалаған Димаш сынға қалды (видео)

Димаш Құдайбергеннің танымалдығы күн емес, минут санап артып жатқандай. Ол аты әлемге мәшҺүр Джеки Чанмен кездесіп, атағы жер жарған Лара Фабианның шақыртуына ие болды. 47 елге тарайтын журнал мұқабасына шығып, Голливудтық фильмнің саундтрегін орындады. Айта берсең көп.

Димаш Кудайберген 290317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Одан бөлек, Димаш Beauty Secret косметикалық брендінің келбетіне айналды. Желіде Димаштың опа-далапты жарнамалаған сәті пайда болды.

Осы күнге дейін тек мақтау сөз естіген Димаш бұл жолы екіжақты пікірдің ортасында қалды.

Желідегілердің бір тобы косметикалық заттарды жарнамалау қазақ жігітіне тән еместінін айтып жатыр. Ендігілер ерекше дарын иесіне қолдау білдіріп, оны қорғаштады.

“Димаш, неге әйелдер косметикасын жарнамалауға келістің? Енді артыңнан түрлі сөз ереді. Жақсы ұсынысты күтпедің бе? Әлі-ақ талай ұсыныс аласың”, “Далап немесе ерінге арналған бальзам. Маған ұнамады, қазақ жігіттері мұны түсінбейді ғой, Димаш”, – дейді Димашқа наразы болғандар.

Жіберіп алмаңыз:

Қытайлық жанкүйерлер Димашқа “Ұмытылмас күн” әнін шырқап берді (видео)

Димаштың ізбасары: Мен қазақтың атын шығарғым келеді (видео)

Димаш әйгілі шетелдік фильмнің саундтрегін орындады (видео)

Досы Димаштың жүлдеден өнерді биік қоятынын айтты

Талқылау