Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Оларды ынталандыру, қызықтыру мұғалімге қиын”. Маңғыстау облысында бір мектепті екі қыз ғана аяқтады

Маңғыстау облысында ерекше жағдай. Бейнеу ауданындағы Сарға ауылында 11-сыныпты екі қыз бала ғана аяқтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Мangystaumedia-ға сілтеме жасап. 

Фото: mangystaumedia.kz

Дерекке сүйенсек, бұл ауылда екі мектеп бар. Оның бірі Ә.Жангелдин атындағы білім ордасы болса, екіншісі Бейнеу мектеп-интернаты. Алғашқысында 350-ден астам оқушы білім алады. Ал интернатта оқушылар саны тек 100-ден асады. Міне дәл осы мектеп-интернатты биыл екі қыз бала ғана аяқтаған. Мектеп директорының айтуынша, бір сыныпта екі оқушының ғана болуы өте қиын көрінеді. Мәселен, білім алуда бәсеке атаулы мүлдем болмайды екен.

"Оқушы аз болған жерде мүлдем өзара жарысып оқу деген болмайды. Егер сыныпта 15-20 оқушы болса, сабақ қызықты бола түсетіні сөзсіз. Ал екі оқушы болғаннан кейін оларды ынталандырып, қызықтыру мұғалімге оңай емес. Біздің биылғы түлектердің екеуі де қыз балалар. Алда өздері қалаған оқу орнына түсеміз деп отыр. Бейнеу мектеп-интернатында 104 оқушы бар. Оның 50-і интернатта жатады. Оқушыларға 29 мұғалім сабақ береді", - дейді мектеп директоры Айса Сағындықов. 

Жалпы биыл Маңғыстау облысында 7439 оқушы мектеп бітірген.

Талқылау