Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтан әуежайында мас әйел шу шығарды

Нұр-Сұлтанда мас әйел елордалық әуежайдағы тіркеу үстелінің жанында айқай шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға түсірілген видео Instagram-да жарияланды.

Авиакомпания қызметкерлерінің айтуынша, мас әйел өзін агрессивті ұстаған, ұятсыз сөздер айтқан,тіркеу орнында тақтайшаларды сындырды, осылайша қоғамдық тәртіпті бұзды.

Жанжал неден басталғаны белгісіз. Видео астындағы жазбада әйелдің мас болғанын атап өткен.

"Әйелді Нұрсұлтан-Атырау рейсіне өткізбеген. Ол мас болған. Әуежайда шу көтерген. Соңында полицейлер араласты", - делінген жазбада.

Көлік полициясы қызметкерлері тексеру барысында жоғарыда аталған әйелдің жеке басын анықтады, ол Атырау қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ведомствоның хабарлауынша, азаматша полиция бөліміне жеткізілді, онда оған ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 1-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша бірден екі әкімшілік хаттама жасалды.

Қоғамдық орындарда мас күйінде келу фактісі бойынша оған 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Ұсақ бұзақылық бойынша материалдар іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Атырау қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Талқылау