Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Ninety one” әншісі: Сіздердің сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді (видео)

“Ninety one” тобы олардың концерт өткізуіне қарсы шығып, сыртқы келбеттеріне сын тағатын жандар туралы пікір білдірді. Көкшетау қаласында өткен концерт барысында атышулы топ тыңдармандарымен тілдесті, деп хабарлайды Stan.kz.

ninety one bala

Ninety one тобының әншісі Бала топтың концерт өткізуіне кімнің қарсы шығатынын білгісі келетінін, алайда әлі күнге дейін ол сұрақтың жауабын таба алмағанын айтты.

«Неше түрлі нәрселер болып жатыр. Оның бәрі не үшін деп өзіме сұрақ қоямын. Әлі күнге дейін жауабын таба алмай жатырмын. Жан-жақтан адамдар айтады: мүмкін сырғаның кесірі, мүмкін шаштың кесірі шығар деп. Бізге рұқсат бермей жатқандар кім? Түсінетін адамдар түсінеді. Ал түсінбейтін адамдар сол дұрыс дейді. «Сырға тақпаңдар, шашты боямаңдар» дейді. Неге? Біз сіздерге ештеңе істеген жоқпыз. Біз сіздерді үлкен деп құрметтеп, ешқандай сөздеріңізге қарсы шыққымыз келмейді. Бірақ сонда да осындай нәрселер болып жатыр. Бірақ біз оған мойымаймыз. Осындай ойларға бататын кездерім 2 ақ минут шығар. Одан кейін ағаларыма барып, қалжыңдарымды айтып, олардың көңілдерін көтеріп, әрдайым қуантып жүруге дайынмын. Сол үшін Eaglez, біз сіздермен әлі ұзақ уақыт бірге боламыз», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін атышулы топтың бірнеше қалаларда (Ақтөбе, Қарағанды, Жезқазған, Қызылорда) концерті өтпей қалған еді. Өздерін жастар өкілдеріміз деп таныстырған тұрғындар аталмыш топтың имиджінің қазақ сахнасына сай келмейтінін, жастарды теріс бағытта тәрбиелейтінін айтып шағымданған-ды. Ал сүйікті әншілерімен кездесе алмай қалған топ жанкүйерлері петиция жариялап, қол жинауға кірісті.

Жіберіп алмаңыз:

91 тобының қарағандылық тыңдармандары концертте топқа ән айтуға мүмкіндік бермеді (видео)

Алуа Қонарова: Мен Баянмен татуласқым келген

Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Тұрсынбек Қабатов: Менің күртемді астымызға төсеп, Мөлдірдікін жамылған күндеріміз болды

 

Талқылау