Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде атышулы Ninety one тобының концерті өтпей қалды

Ақтөбеде танымал бойз-бэнд Ninety one тобының концерті өтпей қалды. Облыс әкімдігі топ концертінің өтпей қалуына өздерінің еш қатысы жоқ екенін айтуда.

gkNf2kF9P2Gg31MJl050F68PRrkHO7

Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Қазақстандық топ Ninety one жанкүйерлеріне айтарымыз, Ақтөбе облысының әкімі аталмыш топ концертін өткізуге ешқандай тыйым салған жоқ. Бұл жағдайда мән-жайды іс-шара ұйымдастырушыларынан сұраған жөн”, – деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

“Біздердің арамызда келісім жасалған емес. Әлем чемпионатының дайындығына орай спорт сарайында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұны әкімшілер де растап отыр. Бұл “Қоныс” спорт сарайы мен продюсрлердің өзара қарым-қатынасы. Бұл жағдайға әкімдіктің еш қатысы жоқ”, – деді “Қоныс” спорт сарайының иесі, кәсіпкер Талғат Баймашев.

Әкімдік концерттер ұйымдастыратын жеке компаниялардың және зал иелерінің шаруасына араласпайды. Сондай-ақ, олардың арасындағы келісім міндеттерін де бақылай алмайды. Ауқымды шараларды атқару кезінде Ақтөбе қалалық әкімдігі қауіпсіздік, тәртіп, медициналық қызметтермен қамтамасыз етеді.

Бұған дейін қазақстандық Ninety one тобы Ақтөбе қаласында 30 қыркүйек күні жеке концерттерін өткізетінін хабарлап, тіпті билеттер сатыла бастаған болатын. Алайда топ продюсері “Қоныс” спорт сарайының өкілдерімен келісімге келе алмаған сыңайлы. Осыған дейін ақтөбелік асабалар топ концертін қалада болдырмау туралы акция өткізіп, артынша топтың қолдаушылары облыс әкіміне үндеу жолдап, топ пен оның тыңдармандарына жанашырлық танытуды сұраған еді.

Бұған дейін оңтүстік жастары аталмыш топтың Шымкентке келуіне қарсылық білдіріп, акцияға шыққан болатын. Кейінірек сол өңірдің басқа тұрғындары топты қолдау шарасын ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз:

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

Бекмамбетовке қарсы шыққан Адамбай енді оны шексіз құрметтейтінін айтты

Қазақстандық блогер Қайрат Нұртасқа сахнаға шығып түкіруді ұсынды

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Әншінің анасы: Гүлнұрды танымал еткен әуелі Алла, екінші – өмірлік жолдасы

Бейнебаян түсіруге ақшасы жетпеген Серікбол Сайлаубек қол жайып қайыр сұрады

Талқылау