Оңтүстік жастары: “Ninety one” тобына қарсымыз, Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз (видео)

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 14:38

Оңтүстіктің жастары эстрадаға өзіндік стилімен келіп, елді дүрліктірген “Ninety one” (91) тобына қарсы шығып, олардың концерттерін Шымкентте өткізуге жол бермейтіндіктерін жария етті.

енен

“91” тобының бір ғана бейнебаянын көрген адам, егер жүрегінде түсінігі, иманы, салтты сақтайтын санасы болса қандай топ екеніне бірден көзі жетеді. Ол топтағы жігіттер қазақ жігіті деген атқа лайық емес. Олардың сыртқы келбетінің өзі-ақ біздің ұрпақты азғындыққа тәрбиелеп жатыр”, – дейді жастар өздері жасаған арнайы роликте.

Олар топ басшысы Ерболатқа кінә артады. Қазағым деп шеттен оралып келген азамат, осы бес жігіт арқылы біздің жастарға азғындық жолын ашып беріп жатыр дейді олар.

Ninety-One-1

Фото: 91ninetyone.kz

Оңтүстіктің жастарына үн қосқан танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы да, аталмыш топтың қазақ сахнасында жүруіне қарсы екен.

2525

“Осы “91” тобы пайда болғалы оларға деген қоғам тарапынан түрлі наразылық туындап жатыр. Бізде сол наразылықтың ішінде бармыз. Қазақ өнері дәл сондай деңгейде былғанбау керек. Оңтүстік жастарының ол топқа қарсы шығып, қалаға келтірмейміз, концертін қойдырмаймыз дегенін естігенде шынымды айтсам қуандым,” – дейді әнші.

Оқи отырыңыздар:

Ninety one бейнебаяндарының “ауылдық” нұсқасы шықты (видео)

“Ninety one” әншісі арам пиғылды журналистердің өзін пайдаланбақ болғанын айтты

Атышулы “Ninety One” тобы жұртты жаңа образдарымен таң қалдырды (фото)

Бекболат Тілеуханов “Ninety one” тобына қатысты пікірін білдірді

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

31
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар