Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Сәрсенбі, 6 Сәуір , 2016 13:06

Өздерінің киіну стилімен жастарға кері тәрбиесін беріп жатыр деп айыпталған “Ninety One” тобына қатысты дау әлі де толастар емес. Бұл жолы өнердегі аға-әпкелері Сәкен Майғазиев пен Алуа Қонарова “Ревю” бағдарламасында өздерінің сыни пікірлерін айтып, біржыныстыларға ұқсамауға кеңес берген-ді. Мұнымен қатар, Мейрамбек Беспаев та аталған топқа қатысты әзіл айтқан екен.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Топ жетекшісі Ерболат Беделхан халықтың қысымынан моральдық-психологиялық тұрғыдан қатты шаршағанын айтады. Алайда, шешінген судан тайынбас демекші, аталған топ өкілдері шығармашылықты әрі қарай дамытуға күш салмақ.

“Мен қоғам алдында жауап беретіндей ешнәрсе істеген жоқпын. Адамдармен төбелескім де, соғыс жалауын көтергім де келмейді”, – дейді топ продюсері Ерболат Беделхан.

Ерболат Беделхан продюсерлік ететін “Ninety One” ұжымына атылған сын оқтарының саны артпаса, азаятын емес. Біреулер аталған жобаны жақтаса, кейбіреуі даттауда. Солардың бірі – Сәкен Майғазиев.

9NiC3dR2iNAZ2Ov884kl19CcJUKsfF

Фото: instagram.com/saken_maigaziyev/

“Біржыныстылықтан Алла сақтасын. Қыз қызға, еркек еркекке үйленіп жатқан шайтини тірліктерге жақын болмаңдаршы. Жігіттердің көзін бояп, сырға тағып, шашын бояғаны жақсылыққа алып бармайды. Әсіресе сендерді тыңдайтын жас жеткіншектер, мектеп оқушылары бар. Солардың бағытын бұзбаңдаршы. Әп-әдемі Ринголар, Ордалар құсап жүре беруге болады ғой”, – деп Сәкен Майғазиев жігіттерге трансвистит болудан сақтануға кеңес берді.

Аталған топқа қатысты Мейрамбек Беспаев та пікір білдіріп, олардың сыртқы келбетіне қатысты әзіл айтқан екен. Бұл туралы досы әрі әріптесі Сәкен Майғазиев айтып берді. “Мейрамбек бірде қалжыңдаған еді. Ертең үйленсе, “Жаным, менің сырғамды көрмедің бе?” деп қалай айтады екен деп күлдірді”, – дейді Сәкен Майғазиев.

55ded45b17c16

Фото: instagram.com/aluakonarova/?hl=ru

Алаш ұлы жігіттері жұрт ескішілдікке салындың деп күлсе де, нағыз қазақ жігітінің болмысын жоғалтпауға кеңес берді. Ал продюсер Алуа Қонарованың ойы бұл жігіттермен түйіспейді. Ол “Өте жақсы жігіттер. Тәрбиелі әрі талантты топ деп те айта аламын. Өзіндік болмыстары бар. Олар қазақстандық шоу-бизнесте революция жасады”, – деп жігіттер киіну стилінің сахналық фишкалары екенін айтып өтті.

Топқа қатысты өнердегі ағалары мен әпкелерінің пікірі әртүрлі. Десе де жігіттер мұнымен тоқтамай, қатарларын 8 адамға дейін толықтыруды жоспарлап жүр.

Естеріңізге сала кетсек, Ерболат Беделханның “Ninety One” тобын қаралаған діндарлардың дәлелсіз айыптағанын анықтағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Анонимно says:

    Бар кина сол 91 тобын киели сахнага шыгарган адамдарга айыппул салу керек

  • Анонимно says:

    Түрлерін өзгертіп еркек сияқты əн айтса бəрі тыңдайды ғой. ..Былайша əндері жаман емес!!

  • Анонимно says:

    91тобын Мейрамбек те Сакен де мин тагып,сенің сырғаң бар дейтіндей кұкысж жоқ!Ел тәуелсіздігін алғалы домбырамен костюм киіп ән айтсын деген жоқ!Тек оны халық және тыңдармандар айта алады…..ТОРЕҒАЛИ дың алло деп жеңіл әнді айтуымен,91тобының әнді 20жпсқа толмастан озі создеріноэ жазып,жаңылтпаштай мүдірместен рэп оқуы нағыз талант!20жылдық сахнада жүрген Сәкенді қойшы Мейамбек ағаның сол балалардың таланттылығын түсіне алмай соэөйлегеніне таң қаламын…Ал осы жерде озінің қаны қазақ ұлдарына тілін тигізіп,орынсыз кызтеке деп біреудің ала жібін аттағандарға айтарым,өз қазағыңның көзін шұқығанша террактантеррактан өліп жатқан қазағыңды жоқтап,салафизммен күресе біл!!!!

  • Анонимно says:

    Біз Рингоданда жиіркенуші едік ал мыналарды көріп халықтың талғамы қалай бұзылып кеткенін көріп, осындайларды сахнада жай кислота ға салып өлтіру керек болашақта саналы ұрпақ тәрбие леу үшін

  • Жұмбақ жан says:

    Балалар жас бұтақ калай исең солай иіледі. Алуаға ақша, Ерболатқа атақ керек сияқты. Елдің, ұлтың болашағына алаңдамайды

  • Жұмбақ жан says:

    Осы топтын бир анин тындап кормеппин, жане тындагым да келмейди. Не сумдык. Кореяга еликтеп. Енди топырлатып 8 адамга топты толтырмакшы. Тура тура корея стилиндегидей.не сумдык не маскара жетпегени осы еди.

  • Жұмбақ жан says:

    Қазақстаның шоу-бизнесінде олай революция жасамайақ қойсын дер едім топ болса МУЗАРТ немесе Жигиттер квартеті сиякты болу керек

  • Жұмбақ жан says:

    Бул топ туралы гайбаттап айтуга ешкимнин кукы жок. Бари калыпка келеди.жап жаксы балалар талантты.

  • жадыра says:

    Оте дурыс айтылган жастарды куртатын болды булар. Оздеринин жасындагы жастар гана тындамаса ешким де тындамайды. Казахстан ды танытамыз деп журип казактарды сатып кетпесе болганы казирги заман киын болып кетти. Ата аналары не карап жур екен акша атак деп журип бармактарын тистеп журмесин.трансвистит бболып журсе еш тан калмас едим.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар