Беделхан “Ninety One” тобын қаралаған діндарлардың дәлелсіз айыптағанын анықтады

Сәрсенбі, 30 Наурыз , 2016 14:52

Күні кеше өздерін Namys TV деп атаған діни топ “Ninety One” жігіттерінің “Айыптама” атты әнге түсірілген бейнебаянын тілге тиек етіп, ол жерде сатанизм мен масондардың белгілері бар екенін айтқан болатын. Аталған топтың продюсері Ерболат Беделхан Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында мұның барлығын жоққа шығарып, нақты дәлелдер келтіре алатынын айтты.

2

Сурет: yvision.kz

Беделханның айтуынша, мұның барлығы кездейсоқтық әрі діни топтың дәлелдері толықтай қате. Тіпті, продюсер локацияны түгел Дима есімді азамат әзірлегендіктен, мұндай белгілердің бар екенін байқамаған.

“Дима дайын локациялар әзірлеп, графистер орталығын ашқан. Бейнебаян түсіретін орын іздеп сол жерге бардым. Онда нешетүрлі бейне мен иероглиф болды. Жақында өздеріңіз айтып отырған видео шықты. Димаға хабарласып, бұл видеоны қарауын өтіндім. Ол көрген соң бір күліп алды. “Бұл белгілерді дұрыс зерттемеген. Мен автор ретінде нақты дәлелдермен мұны жоққа шығара аламын. Егер есі дұрыс адам болса, интернетті ашып, сатанизм мен массондардың белгісінің нақты қандай болатынын көретін еді” деп көптеген суреттің мағынасын түсіндірді”, – дейді Ерболат Беделхан.

1

Продюсер, мұнымен қатар, әлгі азаматтың болмысы да ерекше екенін айтып отыр. Өзі Тәңір дініне бет бұрып, түрлі иероглифтердің сырын ашумен айналысатын көрінеді.

“Менің атыма балағат келтірген Namys TV ресми тіркелмеген. Ресми өкілдеріне хабарласайын десем, телефондарын да таба алмай отырмын. Бұл бір жасырын тұрған дүние. Сотқа шағымданайын десем, өздері туралы еш ақпарат бермеген. Прокурорлар олар ресми тіркелмегендіктен, ешқандай да статусы жоқ екенін айтты. Бұл – белгілі бір адамдардың бізге қарсы пайдаланған қаруы болып отыр”, – деп Ерболат Бедалхан аталған діни топтың барлығын рейтинг үшін жасап жатқанын айтты. Ресми түрде айыптамағандықтан, оларға жауап қайтарып әуре болмайтынын да жеткізді.

3

“Егер өздеріңіз зерттеу жұмыстарын жүргізетін болсаңыздар, ең алдымен, бұл белгілер мағынасының шын мәнінде қандай екеніне назар аударыңыздар. Кездейсоқтық болды. Ушығып кеткен соң әлгі жігітке бірден хабарласып, мән-жайды білдім. Менде еш кінә жоқ болғандықтан, ақталмаймын. Ал менің балаларымды ешбір дәлелсіз қызтеке деп үкім шығарғандарға керісінше өзім сотқа шағым түсіре аламын. Менің азаматтық құқығымды бұзуда. Осыны білгендіктен, ресми түрде айыптамай отыр”, – деп Беделхан даттаушыларға алдымен істің мән-жайына үңілуге, өзіндік зерттеу жүргізуге кеңес берді.

Естеріңізге сала кетсек, “Діндарлар” Ninety One тобының шайтанды “насихаттайтынын” айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

19
Комментариев
  • 91 файтинг! says:

    91 тек алга, жаман пыкырлерге карай берменыздер! ФАЙТИНГ!

  • Бек says:

    Мундай ТВ Намыс сияқты жалған дін өкілдерін құрту керек. Олар ғылыми ресми дәлелсіз, үрей тудыртатын тужырымдарды жасыран таратқандары үшін жауап берулері қажет.

  • Eaglez says:

    Ninety One! One! One! Ерболат Беделхан! Асыл Белделхан! Азамат Зенкаев! Батырхан Маликов! Данияр Кулумшин! Азамат Ашмакын! Дулат Мухаметкалиев! Алға! Eaglez-дарыңыз сіздермен бірге

  • Жұмбақ жан says:

    91 те к алга

  • Жұмбақ жан says:

    Казакстанда коптеген топтар бар гой алдекайда тусиниксиз клиптермен , неге Ninety oneга барлыгы тисе береди тусинбимин! Арким оз басына жауап берсинда! 91алгаааа!

  • Eagles says:

    Неге именно ~ninety one~ га гана тисе береди екен ?!Тырнак астынан кир издеп!Ешкимнин шатагы болмасыншы оларда!Тыныш журген балаларга тисип.
    ♡NINETY ONE ♡только вперед❤

  • Жұмбақ жан says:

    91 ТЕК АЛГА!!!ЕШКІМНІҢ СӨЗІНЕ НАЗАР АУДАРМАҢДАР!!!КӨРЕ АЛМАЙТЫНДАР ҒАНА СЕНДЕРГЕ ЖАЛА ЖАБА БЕРЕДІ!!

  • Жұмбақ жан says:

    Ағзубиллях

  • Жұмбақ жан says:

    Осы топтан баска ангиме жок интернетте шаршатып жиберди.

  • Жұмбақ жан says:

    Каскалардын каскасын кайнатты го.Осы топта баска ангиме интернетте шаршатты

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар