Ақтөбенің асабалары Ninety One тобының концертіне қарсы шықты

Сәрсенбі, 28 Қыркүйек , 2016 21:49

Ақтөбелік өнерпаздар Ninety One тобының аймаққа гастролге келулеріне қарсы. Батыстағы әріптестері сырға тағып, боянған жігіттерден жиреніп отыр. Бұл туралы КТК арнасында айтылды.

Ninety-One-1

“Біздің қарсы болып тұрған себебіміз: шашын бояп, құлағына сырға таққаны. Ақтөбе облысының барлық өнер адамдары атынан біз өзіміз қарсы шығып тұрмыз”, – деді ақын Дастан Сүлейменов.

Ninety One тобының стадионда өтетін концертін болдырмау туралы жергілікті билікке арыз да түсірген. Қол қойғандардың көбі той-бизнестің көркін қыздырып жүрген әнші-асабалар. Ал оған жауап беруі тиіс мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаев Астанада жүр.

Ол оралғанша 91 тобының концерті тарқап кететін сыңайлы. Бұған дейін осы топқа қатысты Шымкент пен Қызылорда жастары қарсы шығып, аймақтарына жолатпай қойған. Әйтсе де топ продюсері Ерболат Беделхан алған бетімнен қайтпаймын деп отыр.

Бұған дейін оңтүстік жастары аталмыш топтың Шымкентке келуіне қарсылық білдіріп, акцияға шыққан болатын. Кейінірек сол өңірдің басқа тұрғындары топты қолдау шарасын ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз:

«Ғашық жүрек» фильміндегі Джамба екіқабат күйінде би билеп ғаламторды “жарды” (видео)

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Мұрат Қожа «үш баласын тастап кетті» деп сөккендерге жауап берді (фото)

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар