Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есентаева: Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан тұрады

Баян Есентаева «Өгей жүрек» телехикаясындағы бас кейіпкерді (Кәмшат Жолдыбаева) екі жігітпен сүйісті деп айыптағандарға өз жауабын берді. Продюсердің айтуынша, біздің менталитет «ұят» деген атқа ие. Сондай-ақ, ол махаббат деген ұлы сезімді ашық көрсетуден қымсынатын қазақ халқының өмірі өтірік пен елестен тұратынын мәлімдеді.

есентай

«Біздің өміріміз елестен, өтіріктен тұрады, жалған дүниені көрсетуіміз керек. Қазақтың балалары желден пайдан бола ма екен осы? Францияда бір ай болдым, алғашқыда адамдардың өз сезімдерін ашық білдіретініне, ел алдында қол ұстасып, құшақтасып жүретіндеріне, бір-бірлерінің жанарына ашық қарағандарына таңырқап жүрдім. Біздің «ұят» деп аталатын менталитетімізді жақсы түсінемін. Біз жақсы көруден, сүйікті адамымыздың қолынан ұстаудан, Құдай сақтасын, онымен сүйісуден қорқамыз. Қазақстанда бәрі ұят пен қымсынудан құралған. Біз ер адаммен бір төсекте жатпаймыз. Әйелдің бәрі ерлерінен бөлек бөлмеде жататындай, ал балалары желден туылатын секілді. Бізге жақсы көруге де болмайды», – деп бастады сөзін танымал продюсер желідегі жазбасында.

камшат дастен

Одан кейін Есентаева қазақ халқы махаббат мәдениетімен таныс болмағандықтан да, жетімдер үйінде қазақ ұлтының балалары көп екендігін айтты.

«Біздің телехикаямызды аңдып отырған осындай сыншылар менің өмірге деген көзқарасымды, түсінігімді өзгерткісі келетін сияқты. Алайда біз ең өзекті тақырыпты көтеріп отырмыз. Балалар үйіне барып көріңіздер, жетімдердің 99%-ы қазақ балалары екенін көресіздер. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені біз махаббат мәдениетімен таныс емеспіз, өйткені ҰЯТ. Әңгімені осыдан бастау керек, бала махаббаттан дүниеге келуі керек. Осыны балаларымызға түсіндіруіміз қажет, тікесінен айтпасақ та, басқаша жеткізуіміз қажет, бірақ жоқ, тағы да ҰЯТ. Біз алған бетімізден қайтпастан, балалардың орамжапырақтан туылатынын айтамыз да, одан кейін тастанды балаларға келгенде жұмған аузымыздaы ашпаймыз. Ал біздің елімізде он мыңдаған тастанды бала бар», – деп түйіндеді сөзін ол.

Бір тәулікке жетпестен аталмыш жазбаға 2000-ға жуық оқырман пікір қалдырыпты. Олардың пікірлері де сан түрлі. Кейбіреулер продюсерді қолдаса, енді біреулер онымен ұрысты. Ал енді бір желі оқырмандары елге ақыл айтпас бұрын, продюсерге өз өмірін жөндеп алуға кеңес берді.

«Басқаны үлгі қылсаңыз да, француздарды үлгі етудің қажеті жоқ. Бұзылған ел. Жайдан-жай терракт болмаған шығар. Еуропаның бәрі бұзылған», «Сіздің жүрістеріңізді бүкіл ел талқылап жатыр, ұят туралы әңгіме қозғайтын адам сіз емес», «Кеңестік тәрбиеден арылатын уақыт баяғыда жетті. Телехикаяны сол дәуірде қалып кеткен адамдар сынайды», «Кино ұнамаса көрмеңдер, басқа киноларда ондай жоқтай сөйлейсіңдер», «Корей және үнді телехикаясымен салыстырған адам дұрыс істеген, біздің менталитеттеріміз ұқсас», – дейді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Есентаева Үндістан ауруханасында ауыр хәлде жатқан қазақстандықтарға қолдау білдірді

Баян Есентаева “шымкентше” сәлем салды (фото, видео)

Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Нұртас Адамбай боксшы Тищенконы «шовинист» деп атады

 

 

Талқылау