Нұртас Адамбай боксшы Тищенконы «шовинист» деп атады

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 17:42

Белгілі кинорежиссер, актер Нұртас Адамбай Рио олимпиадасында қазақстандық Василий Левитті «жеңіп», алтын алған Тищенконы «шовиниске» теңеді. Себебі Тищенко өзін камера түсіріп тұрғанын аңғармастан, Левит пен Қазақстан ұлтын сыйламайтынын абайсызда айтып қалған.

тищенко нуртас

«Олимпиаданың «күміс» жүлдегері Левит пен «алтын» медаль иегері Тищенконың айырмашылығы неде екенін білесіздер ме? Левит төрешілердің әділетсіз шешім шығарып, өзіне тиесілі алтын медальді өзгеге беріп қойғанына қарамастан, қарсыласына құрмет көрсетіп, көтерілген жанкүйерлерді (тек қазақстандық жанкүйерлер емес) сабасына түсіруге тырысты. Аңғал, ақкөңіл Левит ресейлік спортшыны жақсы азамат деп, оны олимпиада чемпионы атағынан Тищенко емес, АИБА-ның «лас саясаты» айырды деп ойлады. Ал жаңа «чемпион» бір тв-бағдарламаның үзілісінде өзін камера түсіріп тұрғанын білмегендіктен, абайсызда бар шынын айтып қалды. Өзінің қарсыласы мен оның елін, яғни Қазақстан мен қазақ ұлтын сыйламайтынын мәлім етті», – деп бастады сөзін Адамбай Facebook-тегі жазбасында.

Әрі қарай Адамбай мұнда ешқандай да ұлтаралық қақтығыстың жоқ екенін айтып, Тищенконы шовиниске теңеді.

«Мұнда ешқандай да ұлтаралық қақтығыс жоқ. Тек бір шовинист өзінің шынайы бет-бейнесін көрсетті. Мысалы, allboxing.ru сайтына кірсеңіздер, пікір қалдырған ресейліктердің өздері Тищенконың біздің Левиттен жеңілгенін мойындағанын байқайсыздар», – деп жалғады сөзін белгілі режиссер.

Одан кейін Адамбай осындай намысшыл ерлердің Қазақстаннан шыққанына мақтан тұтатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, ол ресейлік билік өкілдеріне өз спортшылары мен азаматтарының арсыз қылықтары турасында ойлануға кеңес берді.

«Біздің мемлекетіміз рингте ғана емес, адамгершілік тұрғысынан да өздерін биік ұстайтын азаматтарды тәрбиелегеніне мақтан тұтамын. Ұлтаралық келісім мен біздің елімізде тұрып жатқан барлық этностардың достық қарым-қатынасының арқасында Қазақстан әрқашан да бейбіт ел бола бермек. Ал Ресей билік өкілдеріне өз намыстарын халықаралық аренада қорғап жүрген кейбір азаматтар мен спортшылар туралы ойлану керек деп ойлаймын. Елімізде тыныштық болсын. Ал мынадай адамдар әлемде мейлінше аз болсын», – деп түйіндеді сөзін Адамбай.

Жіберіп алмаңыз: 

Адамбай есімдері «Нұр» деп басталатын жігіттерді жаңа Нұркент қаласымен құттықтады

Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты

Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді

Нұртас Адамбай саясатқа бет бұруы мүмкін екенін меңзеді

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Анонимно says:

    нағыз намысшыл қазақ, елі деп еңірейтін ер азамат. Қолдаймын Нуртасты

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар