Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді

Отандық кино әлемінде ойып тұрып орнын тапқан режиссер, продюсер әрі актер Нұртас Адамбай неліктен үнемі әлденеге көңілі толмай жүретінін түсіндірді.

Screenshot_4

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Жақында менен: «Неге үнемі бірдеңеге көңіліңіз толмай, жағымсыз посттар жазасыз?» деп сұрады. Достар, менің де тек позитивті дүние жазғым келеді. Біздің елімізде бәрі керемет және ешқандай проблема жоқ екенін айтқым-ақ келеді. Алайда, өкінішке қарай, мұның шындық емес екенін бәріміз де білеміз. Мен өзім қалаған және шынайы толғандыратын мәселелер жайында жазамын. Ешқашан оқырмандар санын көбейтуді де көздеген емеспін», – деп жазды Адамбай желідегі парақшасында.

Айта кетейік, жуырда Facebook желісінің Қазақстандағы ТОП-50 танымал қолданушысының рейтингі жарияланған болатын. Нұртас Адамбай рейтингте көш бастап тұр. Кинорежиссер бұл тізімді көргенде таңғалғанын жасырмады. Сондай-ақ, постты оқырмандар санын көбейту үшін жазбайтынын мәлімдеді.

«Дана сөздерді қолданып, әдемі жазуға да талпынған емеспін. #Әлібиөмірсүр сияқты нәрселерге де жоламаймын, себебі менсіз де оны талқылаушылар жетерлік. Алайда дәл фейсбук желісінде оқырмандарымның көп болғанына қуанамын. Өзімді жақсы көргендіктен емес, менің пікірімді көптеген адамдардың қолдайтынын білгендіктен. Елімізді алдыңғы қатарлы заманауи, қуатты мемлекеттердің қатарынан көргім келеді. Бұл мақсатқа жету үшін не істеу керектігі жайында өз ойларым бар. Мүмкін кей жерде мен де қателесетін шығармын. Алайда біздің өзгеруіміз керек. Оған күмәнім жоқ. Ол үшін 100 жыл күтудің де қажеті шамалы, біз бүгін де жақсы жағынан өзгере аламыз», – деп түйіндеді сөзін Адамбай.

Желі қолданушылары Нұртастың шынайылығына разы болды. Сондай-ақ, саясатқа бет бұрып, алдымен өз кандидатурасын парламентке, кейіннен президенттікке ұсынуға кеңес бергендер де болды. Естеріңізде болса, Нұртас Адамбай ауыл адамдарымен кездесіп, саясатқа бет бұруы мүмкін екендігін меңзеген еді. Сондай-ақ, ол үнемі қоғамдық мәселелерге қатысты өз пікірін білдірумен келеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Нұртас Адамбай Астана әкімін әжуалады (фото)

Нұртас Адамбай Алматы зообағының директорын састырды (видео)

Нұртас Адамбай депутаттыққа ұсынылған әріптестерін кейбір “ақылсыз” режиссёрларға теңеді

Адамбай: Үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесейікші

 

 

 

 

Талқылау