Адамбай: Үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесейікші

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 12:15

Актер әрі режиссер Нұртас Адамбай фейсбуктегі парақшасы арқылы қазақстандықтарды мас жүргізушіні шапалақпен тартып, 5 жылға бас бостандығынан айырылған полицейді қолдауға шақырды. Ол сот үкімінің әділетсіз екенін айтып отыр.

49837ce5-e2ad-4705-b605-f98e66377f6f

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жезқазған қаласында 23 жастағы Төлеген Игібеков “қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін” 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Оқиға наркологиялық диспансерде болған. Бұрын полиция қатарында қызмет еткен көлік жүргізуші диспансерде шу шығарып, Игібековпен ерегіскен. Анализ тапсыру процесі кезінде кіші дәретін тәртіп сақшысының үстіне шашқан. Бұл әрекетке ашуланған полицей оны шапалақпен тартып жібереді. Осыдан кейін сот жүргізшіні босатып, Игібековты қамауға алады.

Игібековтің туысқандары мен аяғы ауыр әйелі сот шешімімен келіспейтінін айтады. Енді міне актер әрі режиссер Нұртас Адамбай да әлеуметтік желі арқылы барша қазақстандықты түрмеге қамалған полицейге көмек көрсетуге шақырды. Ол шешімнің әділетсіз екенін айтып жатыр.

“Достар, Төлеген Игібековке көмектесейікші! Ол – өзін ұстай алмай, мас жүргізушіні шапалақпен тартып жібергені үшін 5 жылға сотталған полицей. Әлгі жүргізуші еліміздің нышаны бейнеленген формаға зәрін шашты! Барша Қазақстанның алдында дәл осындай көрініс көрсетіліп жатқанда, азаматтардың полицейлерге деген құрметі артпасы анық. Үкім әділетсіз! Жазбаммен бөлісуді көп сұрамайтын едім, бірақ бұл жолы көмектеріңіз керек. Өзім танымайтын көмекке зәру екі баланың әкесі үшін өтініп сұраймын”, – дейді Нұртас Адамбай.

Аталған жазбаны оқыған желі қолданушыларының бірі “Әрине, мұндай нәрсе үшін 5 жыл тым көп. Бірақ екеуі де өз істегендері үшін жауапқа тартылсын”, “Америкада болсақ, жағдай мүлдем басқаша болар еді. Мас жүргізушіні өлім жазасына кесіп, полицейге ақшалай сыйақы беретін еді” сынды пікірлер білдірген. Арасында ол полицейдің Нұртас Адамдың жақыны екенін тілге тиек еткендер де бар. Ал режиссер полицейді мүлдем танымайтынын айтады.

Режиссердің жазбасына 4,5 мыңға жуық адам лүпіл басып, 4 мыңнан астам пікір жазылған.


Оқи отырыңыз:

Жезқазғанда полицейдің үстіне зәрін шашқан жүргізуші қамауға алынды

Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан жүргізуші босатылды

Жезқазғанда мас жүргізушінің полицейге зәрін шашқан сәті видеоға түсіп қалған (видео)

Туыстары үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот үкімімен келіспей отыр

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Ереке says:

    Дұрыс менде қолдаймын Нұртасты.Бір емес бірнеше рет адам қағып өлтірген Усеновта жүрғой тайраңдап.Сол бес жылға соттауға шешім шығарған судья қай жерімен ойлап, шешім шығарды екен.Ертең сол маскүнемі көлікті мас тақымдап жазықсыз біреудің ажалын арқаламайтынына жауап бере алама?

  • Жұмбақ жан says:

    Обалы жоқ. Бес жыл аз, тағыда он жыл қосу керек. митингте əйел еркекті үлкен кісіні аямай қамаған, жанаөзенде əділдік сұраған мұнайшыны автаматпен аямай атқан казёлды неге аяу керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Обалы жоқ! Бес жыл аз, тағыда он жыл қосу керек. митингте əйел еркекті үлкен кісіні аямай қамаған, жанаөзенде əділдік сұраған мұнайшыны автаматпен аямай атқан казёлды неге аяу керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Орда, Устинизге зар шашса сизде коргар единиз…Онын касында Адам кагып олтирген шенеуниктин улы 5 кунде турмеге отырган жок. Окиганын калай болганы ютуб желисинде бар,ашыныз,караныз. Кезде келген Адам 1 шапалак сокканын анык кореди

  • орда says:

    Бұл жағдайдың басы-қасында жоқпыз. Полицей бір ғана шапалақ берді ме? Оның үстіне не себептен зәр шашылды? Жүргізуші есін біледі ме,әлде ес білмейтіндей мас па? Бұл мәселеде зәр шашқан жүргізушіге ірі көлемде айыппұл салып,полицейдің отбасына моральдық өндіріп беру керек. Ал полицейдің қамалғаны дұрыс,ол қарапайым халықты ұру түгілі,тілін тигізуіне қақысы жоқ,қайта керек қорғауы керек қой.

  • Жұмбақ жан says:

    дурыс комектесу керек полиция кызметкерине не зар шашкан масты соттау керек кудай сактасын зар тукуру деген ен даман касиет оган шыдау киын олтиру керек еди мас итти

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар