Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда полицейге зәрін шашқан жүргізуші босатылды

Жезқазған қалалық соты полицейге зәрін шашқан жүргізуші Қайрат Елубаев кепілмен босатты. Бұл жайлы полицейдің әйелі мәлімдеді.

Безымянный

«Полицейге зәрін шашқан мас жүргізушіге қатысты қылмыстық істе күйеуім Төлеген Игібеков зардап шегуші деп танылған. Алайда, сот оны кінәлі деп тапты. Арын қорғап, өзіне зәрін шашқаны үшін шапалақпен ұрған полицейді 5 жылға абақтыға жапты. Жанжал шығарғаны үшін жүргізушіні де соттайды», – дейді полицейдің әйелі Мөлдір Байсалова.

Сот жүргізушіні оқшаулағышта ұстамай, кепілмен босатқан.

«Полицейге зәрін шашып, мас күйде көлік айдаған жүргізушіні жауапқа тарпай ма деп қорқамын. Ол мықты таныстарының барын бекерге айтқан жоқ. Өйткені, оны бірден жауапқа тарта қоймады. Тіпті, полицейге күш көрсеткені үшін жауапқа тартуға кіріскен жоқ. Әйтеуір, халық арасында таралып кеткен соң ғана қылмыстық іс қозғалды», – дейді ол.

Айта кетейік, желтоқсанның 2-нен 3-не қараған түні полицей Төлеген Игібеков жол ережесін бұзған «Хундай аксент» көлігінің иесін тоқтатпақ болған. Алайда, көлік жүргізушісі оның бұйрығын орындамаған. Тіпті, көлік терезесін де ашпай қойған. Тексеріс нәтижесінде жүргізушінің ішімдік ішкені анықталған. Алайда ол дәрігерлерді жалған айтты деп жанжал тудырған. Кейнінен қолына ұстаған зәрін полицейдің үстіне шашып жіберген. Ашуға мінген полицей оны шапалақпен ұрып жіберген еді. Ал, мас жүргізуші оған үлкен қиындықтар туғызуға сөз берген.

«Видеодан жүргізушінің дәлізде оған әдейілеп зәрін шашып, кейін камера тұрған бөлмеге кіріп өзін зардап шегуші ретінде көрсеткенін көруге болады», – дейді Мөлдір Байсалова.

20 сәуірде Жезқазған сотының төрешісі полицейді кінәлі деп тауып, түзеу колониясында 5 жылға қамауға шешім шығарды.

«Сот төрешісі күйеуімнің жүргізушіні себепсіз ұрмағанын ескерген жоқ. Ол қайта тек шапалақпен ұрып қоя салды. Оның орнында кез келген адам ашуланатын еді. Мен екі баламен жалғыз қалдым. Қазір жүктіліктің тоғызыншы айындамын», – дейді ол.

Ал, мас күйінде көлік жүргізіп, полицейге зәрін шашқан жүргізуші тек 1 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Талқылау