Туыстары үстіне зәр шашылған полицейге қатысты сот үкімімен келіспей отыр

Бейсенбі, 28 Сәуір , 2016 16:31

23 жастағы  полиция сержанты Төлеген Игібеков мас жүргізушіні шапалақпен ұрғаны үшін бес жылға қамауға алынды.  Бұрынғы полиция қызметкерінің әйелі Мөлдір  Игібекова күйеуіне шығарылған сот үкімімен мүлде келіспейді. Сот шешімі шыққанша  Төлеген жұмысынан шеттетіліп, қаладан шықпау жөніндегі қолхат бойынша үйінде жүрген екен.

полицияяя

Бұл туралы Қарағанды жаңалықтары сайты жазған.

Игібековтің өзі де сот залынан абақтыға барамын деп еш ойламапты. Әйелінің сөзінше сот  барысында Төлеген өзінің ақталып шығарына сенімді болыпты.

«Бәріміз таң қалдық. Кешірім өтінемін абайсызда адам өлтіргендерге де мұндай үкім шығарылмайды. Бір шапалақ үшін, оның үстіне мас жүргізуші күйеуімнің қызметтік абыройына емес, адам ретіндегі  намысына тиген. Оның үстіне зәрін шашып,арандатқан. Орнында басқа бір ер адам болса оны бір шапалақпен қоймай, төбелеп тастар еді. Екі жасар ұлымыз бар. Қазір екінші перзентке жүктіліктің 9-шы айында отырмын. Қазір асыраушысыз қалдық. Әрине туыстарымыз көмектеседі. Бірақ, екі баланы асырау оңай емес қой»,-дейді Мөлдір Игібекова.

полицияяяяяя

Төлеген Игібеков қызмет бабымен жол бойында көлікті ішіп алып басқарған жүргізушіні тоқтатқан. Полицияның сөзіне бағынбаған жүргізушіні әріптесімен бірге қуып жетіп, тоқтатуға мәжбүр болған. Сол кезде жүргізуші көлікті іштен жауып, олармен тілдесуден, құжат көрсетуден бас тартқан. Игібеков сол кезде қосымша көмек күші ретінде әріптестерін шақыртады. Барлығы жабыла отырып жүргізушіні көлігінен түсіріп мас екенін анықтау мақсатында  наркодиспансерге ертіп барады.

Осы кезде жүргізушінің ішімдік қолданғаны анықталады. Сол кезде ол полиция қызметкерлерінен  өзін босатуды, өйтпеген жағдайда тәртіп сақшыларының өзіне қиындықтар тудыратынын ескертеді.

Медициналық сараптама қорытындысымен келіспеген жүргізуші зәріне сараптама жасауды талап еткен. Дәретханадан шығып кележатқан жүргізуші ыдыс толы зәрін Игібековтың үстіне шашып жібереді. Сол кезде полиция қызметкері шектен шыққан жүргізушіге шапалағын жұмсайды. Осы қылығы үшін сот оған «Қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағып, бес жылға жалпы режимдегі абақтыда жазасын өтеуге үкім еткен.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Бизде адилдиктин жогына каным кайнайды. Адилдикти бир Алладан гана кутемиз. Аллам озиннен умитин узбеген жандарды колдай кор

  • Жұмбақ жан says:

    Мыкты кокеси бар алкаш болганго. Бундай алкаштар адам олтирседе сотталмайды ал баскалары шапалак ушин де сотталады. Сотта сатылган ол далелсиз-ак анык. Кай адам устине зар шаштырып унсиз отырады. Маган шашса басын жарар едим. Биздин соттар сатылады.

  • Жұмбақ жан says:

    Адеттегидей, кокеси барлар шалкаяды, кокеси жоктар сорлап калады.Биздин елдин заны.

  • Жұмбақ жан says:

    Бұлда бір Үсенов сияқты біреудің баласы шығар ақшаң болса қалтаңда, талтаңдасаң талтаңда деген осығо.

    • Жұмбақ жан says:

      Дурыс емес мусылманнын баласы гой адам тири пенделыкке салынбаныздар.жас отбасы екен .сабыр.укым катал.келиспейтын едим.келиншегын ойлау керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Ойткени байлаулы тобетсиндер,керек кезде “фас”дейди ,оздеринде тусинген шыгарсындар….

  • Жұмбақ жан says:

    Мулдем надандык, ен “кулкили” уким! Бул не деген гуманный прокурор, а! Адамдык намысы ушин тиген шапалакка 5 жыл! Ал, 6 жастагы баланы 11 жерден пышактаган шетелдик 18 жастагы азаматка бар болганы 12 жыл! Прокурор мырза сизге сол сот залына бару керек еди! Керисинше кызметтик полиция киимин туалетке балаган жане ер азаматтын намысына адеии касакана тиисип, ластаганы ушин, мас куйинде ролге отырганы ушин комакты турде айыппул салу керек еди! Ал егер сол куйи ол бирнеше, типти бир адамды басып олтирсе ше, басынан сипар ма единиз, прокурор мырза?!

  • Жұмбақ жан says:

    Кокеси мыкты алкаш болдыда.Сол алкаш биреуди сол ишкен куйи кагып олтирсе оган 5 жыл емес 3 ак жыл берер еди.Кудайдын кози тура болсын(((

  • Жұмбақ жан says:

    Сот орыс болған шығар

  • Жұмбақ жан says:

    Бір шапалақ үшін 5 жыл беру бассыздыққой, менің үстіме шашса өлімше қылып теуіп тастар едім. Қайта өзін-өзі ұстап сабырлылық танытқаны үшін рахмет айтпайдыма анау жүргізуші нағыз қатын екен.

  • Жұмбақ жан says:

    Не болғанын Құдай біледі.Бір жақты шешім шығаруға болмас.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
27.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар