Жезқазғанда полицейдің үстіне зәрін шашқан жүргізуші қамауға алынды

Жұма, 29 Сәуір , 2016 12:22

Мас күйінде көлік айдап ұсталғаннан кейін, медициналық сараптамадан өту сәтінде зәрін полиция қызметкерінің үстіне төккен 30 жасар Қайрат Елубаев қамауға алынды. Шешімді Жезқазған соты қабылдады. Бұл туралы Жезқазған сотының баспасөз қызметі хабарлады.

67479568953-600x340

Сурет news-39.ru

Көлік жүргізушісіне “Билік өкілінің ар-намысына тию”, “Билік өкіліне қарсылық көрсету”, “Билік өкіліне күш көрсету” және “Бұзақылық” деп аталатын бірнеше бап бойынша айып тағылып отыр.

“Төлеген Игібековке қатысты Қылмыстық іс тергелгенше, көлік иесі Елубаевты жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдау қиын болды. Бірақ бүгін сот куәгерлердің түсініктемелерін негізге ала отырып, шешім шығарды. Біз көлік иесін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселені дұрыс әрі уақытылы қойдық деп ойлаймыз”, – делінген прокуратура хабарламасында.

Бұған дейін полиция қызметкері Игібеков ісінде көлік жүргізушісі Елубаев тек зардап шегуші ғана болса, енді айыпталушы фигураға айналып отыр.

1986 жылы туған Қайрат Елубаев өткен жылдың желтоқсан айында өзін ұстаған полиция қызметкерінің үстіне дәретін төгіп жібергені үшін айыпталуда. Ал зәр шашқанына жауап ретінде көлік жүргізушісін шапалақпен ұрған полицей 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Неге осыны тағы орысша жазбайды. Өйткені көбісі орыс тілді азаматтар. Шу болмасын деп әдейі қазақша жазады. Неге сот басында дұрыс үкімді шығармады. Неге прокурор басында істі қадағалап заңды шешім шығаруға ат салысқаны жоқ. Неге АҚШ та сияқты полиция қызметкерлерді қорғамайды. Неге халық Ресейде сияқты қылмескерлерді және заң бұзуын қолдайды. НЕГЕ

  • Жұмбақ жан says:

    Енди дурыс болган! Ал, бурынгы полиция кызметкерине тагылган айыпты алып, бостандыкка шыгару керек!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар