Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Астана әкімін әжуалады (фото)

Күні кеше тұрғындардың бірі әуежайда туысқанын күтіп тұрған Астана қаласының әкімін көріп, оның қарапайымдылығына қайран қалған болатын. Әсет Исекешевтің мұндай әрекеті көпшілік тарапынан сый-құрметке ие болған-ды.

1

Фото: facebook.com/NurtasAdambay

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Facebook желісінің қолданушысы шендінің қарапайымдылығына сүйсіне қарағанын жеткізген. Әкімнің әрекеті жұлдыздарды да бей-жай қалдырмады. Тіпті Нұртас Адамбай оны әжуалап үлгерді.

0

Мұнымен қатар, суреттің тұсына отандық порталдардың бірінің атын жазып, “Алматы әуежайында рейс күтіп тұрған Адамбай жұртты қайран қалдырды” деп тақырып әзірлеп берген.

Режиссердің жасаған коллажы көпшіліктің көңілінен шығып, аз уақыт ішінде 700-ге жуық лүпіл жинаған.

1

“Тамаша, мен де әуежайға бармасам”, “Оданда тақырыпты “Келген рейс Адамбайды қайран қалдырды” деп қойсаңшы”, “Қатырасыз” сынды пікірлер білдірген. Мұнымен қатар, арасында ойының жүзеге асқанын айтып, сүйінші сұрағандар да табылды.


Жіберіп алмаңыз:

Нұртас Адамбай Алматы зообағының директорын састырды (видео)

Нұртас Адамбай балалық шағы туралы айтып, сол кездерге деген жұрттың сағынышын оятты

Нұртас Адамбай Алматы әкімінің кеңесшісі “болып тағайындалды”

Алматы әкімдігі Нұртас Адамбайды алдады

Талқылау