Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай Алматы әкімінің кеңесшісі “болып тағайындалды”

КВН-ші, режиссер, сценарийші, актер Нұртас Адамбай енді Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқармақ. Дәл осылай режиссер жанкүйерлерін алдап, күлкі күні мерекесімен құттықтады.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Режиссер өзінің фейсбуктегі парақшасында “Алақай! Мені құттықтай берсеңдер болады! Маған Алматы қаласы әкімінің мәдениет саласы бойынша кеңесшісі қызметін ұсынды!”, – деп жазды.

Бұл хабарды естіген достарының бірі күлкі күніне арналған әзіл-қалжың екенін айтса, енді бірі “Армандаудың еш зияны жоқ. Армандай бер!” деп келемеждеуде. Әзірге бұл хабардың қаншалықты рас екені белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, Нұртас Адамбайдың қыз-бойжеткендерге өзінікі дұрыс болмаса да, ер-азаматқа қарсы шықпауға кеңес бергені туралы жазған болатынбыз.

Талқылау