Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Facebook желісінің Қазақстандағы ТОП-50 танымал қолданушысының рейтингі анықталды

Қазақстанда Фейсбук әлеуметтік желісіндегі ең танымал әрі үздік қолданушылар анықталды.

фффф

Қазақстандықтардың рейтингін қолданушы Арман Ахметов анықтап, оны өз парақшасында жария етті.

Ең көп оқылатын қазақстандықтардың үштігіне 30 000-нан астам жазылушылары бар Аружан Саин мен Әлішер Елікбаев кірген. Ал тележүргізуші Баян Есентаева төртінші орында тұр. Бұл ретте бас бәйге шоумен Нұртас Адамбайдың еншісінде.

ТОП-50 қатарына Астана әкімі Әсет Исекешев те кіре алған. Сондай-ақ, үздіктер қатарында қазақстандықтарды шетелге барып өмір сүруге шақырған АҚШ-тағы қазақ баласы Темір Хан да бар.

фб

Жалпы рейтингке БАҚ өкілдерінен 11, қоғам қайраткерлерінен 10, шоу-бизнес жұлдыздарынан 7, блогерлер мен бизнесмендерден 6, билік өкілдерінен 4, саясаткер, сарапшы, спортшылардан 2 өкілдер кірген. Ақпарат министрі рейтингтің 62-ші позициясына жайғасыпты.

фбб

Рейтинг жазылушылардың саны бойынша есептелген. Бұл ретте достарының саны және жазбаларының мағыналық құндылығы ескерілмеген.

Танымалдылық деңгейі бойынша Айсұлтан Назарбаев Қайрат Нұртасты басып озған. Президенттің немересі 14-ші орынға жайғасса, әнші небәрі 33-ші орынды місе тұтыпты.

фббб75

Фавориттер қатарында блогер Әсел Баяндарова және білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов та бар. Олар 6-шы, 7-ші орындарды өзара бөліскен. Жалпы, рейтинг барысында 75 позиция қарастырылған.

Талқылау