Темір Хан Америкада өмір сүру үшін қанша ақша керек екенін айтты

Жексенбі, 10 Шілде , 2016 10:59

АҚШ-қа кетіп әлеуметтік желіде жазған жазбалары шуға айналған Алматылық Темір Хан есімді жігіт оқырмандардың сауалына тәппіштеп жауап беретін тағы бір жазба жазды. Онда ол Америкада өмір сүру үшін қанша ақша керек екендігін айтып, сондай-ақ, біраз тәжірибелік кеңестер берген.

ууу

Бұл туралы ол Фейсбуктағы парақшасында жазды.

“Қайырлы күн құрметті қазақстандықтар…Сонымен, “өзіңмен бірге қанша ақша алып кету керек?” – Өте өзекті сауал…

Сіз ол жаққа қанша уақытқа барасыз? Не үшін? Ағылшынша үйреніп қайту ма? Бір-екі жыл жұмыс істеп, ақша жинап қайту ма? Жасыңыз қаншада? Жалғызсыз ба немесе баламен, отбасымен?

Бірден айтайын, адамның жас ерекшелігі де көп рөл ойнайды. Егер адам жас болса, аз ұйықтап көп жұмыс істеп үлгереді. Тілді де тез меңгере алады. Ал егер сіз 40-та болсаңыз, онда екі жұмысты қатар істеп, тіл үйрену қиынға соғар еді.

Мен ендеше тек кететін шығындарды айтып өтейін.

“Алтын” иммигрантының пакеті:

Күзеті бар, жиһазы жаңа, жаңа аудандағы пәтер құны 1200 доллардан басталып 3000-4000 долларға дейін жетеді. Коммуналдық төлемдер: интернет 40, жарық 40 доллардан. Егер жүретін көлікті жалға алсаңыз, оның бағасы айына 600 доллардан басталады.

Тек ғана “organic” өнімдер сатып аласыз – айына 700-1000 доллардай жұмсалады. Әр жексенбі сайынғы қыдыруға 80-200 доллар көлемінде. Телефон, лимитсіз интернет, минуттар мен смс үшін 50-90 доллар аралығында шығын кетеді.

Тренажер залыайына 10 доллардан бастап 200 долларға дейін алады. Сонда айына жалпы кететін шығын көлемі: $1200 + 80 + 600 + 700 + 80*4 + 50 + 0 = $2950.00

“Жай болшы” иммигрантының пакеті:

Тек бөлмені ғана жалдап, қожайынмен бөлісу. Бұл кезде ванна мен дәретхананы да бірге пайдалануға тура келеді. Қала, ауданның беделіне және жиһазына байланысты бағасы 500-900 доллар аралығында болады.

Коммуналдық төлемді кейде тең бөледі, кейде қожайынның өзі төлейді (Мұны әу баста келісіп алу қажет). Азық-түлікті біздегі “Магнум” секілді дүкендерден аласыз. Бұған аптасына 80-100 доллардай кетеді. Егер екі адам болып тұрсаңыз, тағы да жеңілдей түседі.

Метромен жүрсеңіз (Нью-Йорк немесе Сан-Францискода) бір билетке 2,25 доллар төленеді. Бірақ, жол жүру билеттерін бір айға арнап сатып алып, барынша арзан шығын кетіруге де болады.

Қыдыру үшін 30-100 доллар аралығында шығын. Телефон – интернет лимиті 4 гб, лимитсіз қоңыраулар мен смс-тер 35-50 доллар. Тренажер – қожайынмен бірге тұрып жатқан соң тегін болуы мүмкін. Егер оның кешенінде тренажер зал болса. Немесе айына 10 доллар төлеп жаттығасың. Қорытындысында бір айға: 745 доллар.

“Ойпырмай” иммигрантының пакеті:

Мұндай жағдайда өзге иммигранттармен бірге бір бөлмені жалдайсың. Минустары: санузел мен ваннаны ғана емес, бөлмені де бөліске саласың. Егер біреу түнде қорылдаса, айқайлап сөйлессе де шыдауға тура келеді. Мұндай аудандарда сусын ішу үшін түнде жалғыз жүру өте қауіпті. Қызыңды да үйіне дейін шығарып сала алмайсың. Плюсы: бөлме бағасы айына 250-350 доллар.

Азық-түлік: аптасына 30 доллар. Жұмысқа великпен барасың: 50-100 доллар. “Ойпырмай” пакетінде қыдырмай-ақ, шемішке сатып алып, киноны теледидардан қарай салған дұрыс. Телефон: 35-50 доллар. Тренажер…таңертең ерте оянып үйде жаттыға салған жөн…Қорытындысында: айына 297 доллар жұмсалады.

“Бейшара” иммигрантының пакеті:

Минустарын емес, тек оң жақтарын айтып өтейін: ол ұйықтап жатқан кезде “ойпырмай” иммигрантының пакетінен азық-түлік алып жеп, “ойпырмай” иммигрантының пакетіндегі телефонды сұрап сөйлесу. Қыдыруды – тек армандауға болады. Тренажер залы…одан да барып жұмыс ізде. Қорытындысында: 210 доллар. (Бұлайша ұзақ өмір сүру өте қиын, сол себепті бұл пакет иммигранттар арасында онша танымал емес)

Баспананы жалға алу көптеген факторларға тәуелді: штат, қала, аудан, ыңғайлылық. Сыртқа шыққанда first month, last month and security deposit бөлмелерді жиі сұрайды – алғашқы айға төлем, соңғы айға және кепілдікпен.

Пәтерге барған кезіңізде сізден банк картаңызды және ақшалай мүмкіндігіңізді, несие тарихыңызды сұрауы мүмкін. Ал бөлмеге барсаңыз тек алғашқы және соңғы айға ғана төлеңіз. Сақтандыруды ешқашан бермеген дұрыс”.

Қорытындысында жас жігіт тағы бір кеңес берген. Оның айтуынша, кім де кім АҚШ-қа барар болса, міндетті түрде барлық тісін емдетіп, дәрігерге көрініп алғаны дұрыс екен. “Онда сақтандырусыз емделу өте қымбат”, – дейді автор.

Осыған дейін бұл жігіттің отандастарына шетелге кету керек деп берген кеңесі қазақ қоғамында үлкен шу мен түсінбестік тудырған еді.  Кейінірек ол “АҚШ-та жүрсем де ешқашан отанымды ұмытқан емеспін” деп пікір білдірді.

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

6
Комментариев
  • Анонимно says:

    Ал мен оны қолдаймын. Ол тек өзінің пікірін және кеңесін беруде. Қазақстанның әлеуметтік жағдайы түкте де керемет болып тұрған емес! Шет елмен салыстыруға келмейді. Әрине біздің жеріміз өзінше керемет және әдемі бірақ халыққа жағдай жасалмаған!!!

  • Анонимно says:

    Қазақ тілі грамматикасын меңгере алмаған кім екен мұны жазған? Жарияламас бұрын басынан аяқ қайта-қайта тексеріп барып бірақ жарияламай ма екен. Ұят-ай білдей бір сайт үшін

  • Анонимно says:

    Сондай мықты, әрі ақылды болса туған жерін көркейтуге еңбек етсін! Алыс жерден ақыл айтып, киген киімін, тұратын үйін, ішіп-жегенін айтпай!

  • Анонимно says:

    Бара бара акшанында кажети болмау мумкин, егерде отанна кайтып келгиси келсе

  • Анонимно says:

    Шыны керек Қазахстанға ештене жетпейді ешқандай ел біздің елдеи болалмайды

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар