АҚШ-та жүрген қазақ жігіті отандастарына шетелге кетуге кеңес берді

Жұма, 24 Маусым , 2016 17:03

Бүгінгі таңда АҚШ-та жұмыс істеп жүрген қазақстандық азамат елден кетіп, жастарға өз болашағын құрастыруға кеңес берді.

image

Фото: facebook.com/Timurid1?fref=ts

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Темір Хан есімді қазақстандық азамат 2007 жылы ҚазҰУ-дің “Халықаралық қатынастар” мамандығына оқуға түскен. Аталған ЖОО-ның бірінші курсында АҚШ-қа барып, уақытша жұмыс істеген. Артынша елге қайтып келіп, оқуын тәмамдаған.

Қолына дипломын алып қызметке тұрған соң көптеген қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Айына небәрі 65 000 жалақы алады. Бастығымен сөзге келіп, жұмыстан шығуға мәжбүр болады. Арқырында ойлана келе, АҚШ-қа қайта кету туралы шешім қабылдайды.

Бүгінде шетелде тұрып жатқан азамат өзгелерге өз болашағын АҚШ секілді мүмкіндіктері мол мемлекетте құрастыруға кеңес берді.

“ҚазҰУ-де халықаралық қатынастар мамандығы бойынша білім алдым. 18 жасымнан бастап АҚШ-қа түрлі бағдарламамен бардым. Жалақысы аз болса да, Отаныңа адал қызмет етуің керек деген ұстаныммен жүрдім. АҚШ-та жалақы жоғары, ал Қазақстан – Отаның.  Ұйқысыз түндер өткізіп, экзаменге дайындалдым. СӨЖ жұмыстарын жаздым.

Баға қойдыру үшін кабинеттен-кабинетке жүгіріп, жүйкемді тоздырдым. Балл деп жүріп өзімшіл ағасымақтар отыратын түрлі форумға қатыстым. Сол кездің өзінде “Халық неге шетелге кетіп жатыр?” деп ойладым. Жоқ, мен – патриотпын. Мен қаламын деп шештім.

Менің жиған тиын-тебенімнің 30%-ын құнсыздану жеп қойды. 65 мың жалақы төлейтін жұмысымда әділеттілік болмады. АҚШ пен тәулігіне $150-200 төлейтін жұмысымды сағына бастадым. Бастығыммен ұрысып, жұмыстан кеттім. Артынша пойызға билет алып, Алматыға келдім. Елшілікте сұхбаттан өтіп, Нью-Йоркке ұштым.

Мен осының барлығын ертерек түсінбегенім үшін ғана өкінемін. 90% адам тек өзін ғана ойлайтын Қазақстанда қалудың маңызы жоқ. 18 жасымда АҚШ-та қала беруім керек еді.

Мемлекеттік оқу орындардың қабырғасында өткізген уақытым мен ҚазҰУ-ге төлеген әке-шешемнің ақшасы ішімді күйдіреді. Құр судың ішінде балдай болған бірнеше ұстазыма алғысым шексіз. АҚШ-та қайтадан оқуыма тура келді. Мен еліміздегі университетте білім алудың ешқандай да пайдасы жоқ екенін түсіндім.

Қазақстанда оқып жүрген студенттерге айтарым – өмірлерің мен өз болашақтарыңды құрастырыңдар. Ата-аналарыңнан өзге ешкімге де керек емессіңдер. Олардан зейнетақы қоры туралы сұраңдар да, шешім қабылдаңдар.

Кеш болмай тұрғанда, барлық күдікті шетке ысырып, молшылықта өз өмірлеріңізді құрастырыңыздар. Менің айтар ақылым осы”, – дейді Темір Хан.

Жігіттің бұл жазбасын желі қолданушылары әртүрлі бағалады. Бірі мұны сатқындық пен өзімшілдікке баласа, екіншілері дұрыс шешім екенін айтып қолдай түсті.


Жіберіп алмаңыз:

АҚШ-та әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды

АҚШ-та ұшақ әуе кемесіндегі жыныстық әрекеттен соң шұғыл түрде қонды

АҚШ-та 38 жастағы мұғалім 15 жастағы оқушымен жыныстық қатынас жасап келген

Анджелина Джоли мен АҚШ мемлекеттік хатшысы ауызашарға қатысты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

15
Комментариев
  • Анонимно says:

    Оз калауын биледи бауырым,сен акша урлап отаныннан кашкан жоксынгой.

  • Анонимно says:

    Оте дурыс

  • Анонимно says:

    Дұрыс

  • Анонимно says:

    Ештеңе мəңгілік емес .Қателесесің

  • Марфуға says:

    Өзің көре бер сол АҚШ-тың қызығын. Қиын болса да өз елімде талтаңдап жүргенге не жетсін. Бір күні бізде де өзгереді, бəрі жақсы болып, дами бастаймыз. Үкіметтегілер жегенін қойып, халықты ойлай бастаса екен, сол ғана тілерім

  • Анонимно says:

    Мумкин бул бала шындыгын аитып откан болар, айналана каранызшы байыган устине баиып жаткандар ал жастар дым корип жаткаг жок.жаксы акша табу ушин танертен киресин жумыска кеш шыгасын. Ол казир жастыкпен аитып отыр кейн арине оз созинк окинери анык

  • Жұмбақ жан says:

    Дұрыс!!!

  • Анонимно says:

    Озинди сакта, ишки дауысыны сен,сен кайтасын, бирак казыр емес, тажирбие жина Адам бол! Умытпа сен Казахстан елинин азаматысын…

  • Алмагүл says:

    Қазақта жақсы айтылған мақалдар бар: Басқа елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Битке өкпелеп тоныңды отқа жақпа.

  • Анонимно says:

    Аллаға шукир осы куниме шет елде жургеннен оз Отаным Казакстанға жетпейді керекпе озң журе берсейш

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар