АҚШ-та әкесі ыстықта көлігінде ұмытып кеткен қызын мұздатқышқа салып құтқармақ болды

Бейсенбі, 23 Маусым , 2016 15:55

АҚШ-та Техас штатының тұрғыны өзінің 6 айлық қызын шыжып тұрған күнде көлік ішінде ұмытып кетті. Ақыры бірнеше сағат бойы қапырыққа қамалған бөбек көлік ішінде есінен танып қалады, деп хабарлайды 24.kz сайты.

АҚШ

Бұл кезде үйге кіріп, ұйқысын қандырып шыққан әке баланың бар екені есіне түсіп, көлікке қарай жүгіреді. Естен танған сәбиді көрген ол, қызын үйдегі мұздатқышқа салып, аман алып қалмақ болыпты. Бірақ, осының бәріне ағзасы төзбеген сәбидің жүрегі сол мұздатқышта жатқанда тоқтады.

Тек осыдан соң ғана жедел жәрдем шақыртып, әйеліне қоңырау шалған ер адам қызын құтқару үшін оны қолдан дем алдыруға да тырысқан. Алайда оқиға орнына жеткен дәрігерлер сәбидің әлдеқашан қайтыс болғанын айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

11
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
17.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар