Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұртас Адамбай саясатқа бет бұруы мүмкін екенін меңзеді

Нұртас Адамбай саясатқа бет бұруы әбден мүмкін. Танымал актер жуырда ауыл адамдарымен кездескен.

472_484329008302995_664217760_n
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Адамбай әлеуметтік желіде видео жариялады. Онда белгілі актер және режиссер ауыл адамдарымен кездесіп, тілдескен.

Адамбайдың өзі видеоның астына: «Менің болашақ сайлаушыларым!» деп жазған. Алайда оның өз кандидатурасын нақты қайда ұсынатыны әзірге белгісіз болып отыр. Немесе, видеодағы ауылдықтардың  кинодағы  сайлаушылар  болуы да әбден мүмкін.

Видеодан ауыл адамдарының, әсіресе, жас бүлдіршіндердің қуанышты екенін байқауға болады.

Айтпақшы, Нұртас Адамбай бұған дейін де қоғам өміріне белсене араласып, өзіндік үнімен танылып жүрген азамат. Естеріңізде болса, Адамбай халықты үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесуге шақырған еді. Жақында отандасымыз Василий Левиттің ресейлік Тищенкодан әділетсіз “жеңілгеніне” қапаланған азамат бұл кезде де үнсіз қалған жоқ. Спортшыларды қолдап, Қазақстан спорт федерациясына халықтың өкпесін жеткізді. Нұртас Адамбай азаматтық белсенділігін  көрсетіп Алматы хайуанаттар бағындағы жолбарыстың өліміне қатысты да бас көтерді. Тіпті зообақ директорының жұмыс бөлмесіне кіріп барып, жұрт көкейінде жүрген сұрақтарын жаудырып састырған еді.

Бұл жаңалықты естіген Нұртас Адамбайдың оқырмандары қуаныштарын жасырмады.

«Қандай қарапайым ауылдың адамдары. Керемет», «Болашақты ойлау керек», «Жарайсың», «Халық қаҺарманы! Сөзіңіз ісіңізге сай келетін азаматсыз. Жалғандық жоқ!», «Сіздің фильмдеріңізді ұнатамын, адам ретінде де өзіңізді сыйлаймын», «Мына балақай болашақ президенттің қолында тұрғанын білмейтін шығар», – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, күлкі күнінде Адамбай халықты алдап, Алматы қаласының әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын жариялаған еді. Бәлкім саясатқа бет бұруды Адамбай сол кезде-ақ жоспарлаған шығар, кім білсін?!  Дегенмен Адамбайдың саясатқа бет бұру жайлы әзілдері соңғы кезде жиілеп кетті. Мүмкін осы кезден бастап адамдардың пікірін білу мақсатында жасап отырған әрекеті де шығар.

Ал, режиссердің астарлы сөзінің мағынасын білу мақсатында хабарласқанымызда кейінрек ашып айтатынын жеткізді.

 

Мои будущие избиратели )

Видео опубликовано nurtasadambay (@nurtasadambay)

 

Талқылау