Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жұлдыздар Левитке қолдау білдірді (фото, видео)

Отандасымыз Василий Левит Рио-2016 Олимпиадасында 91 келі салмақ дәрежесінде сынға түсіп, Ресей боксшысы Евгений Тищенкодан жеңілді. Алайда бүкіл Қазақстан жұртшылығы, қала берді бүкіл әлем отандасымыздың айқын жеңіске жеткендігін айтып, наразы болуда. Олардың қатарында қарапайым жанкүйер де, спорт сарапшылары да, отандық эстрада жұлдыздары да бар.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Танымал актер және режиссер Нұртас Адамбай өзінің Фейсбуктегі парақшасында: «Василий Левиттен бөлек, Риода Ералиевке, Әлімханұлына және Сәттібаевқа әділетсіздік жасалды! Біздің федерация неге қарсылық білдірмейді? АИБА-ның барлық жүлделерді алдын ала бөліп қойғандығы түсінікті. Алайда ең болмағанда әдептілік белгісі ретінде біздің жігіттерді қолдап, ресми түрде қарсылық танытуға болар еді ғой. Бұдан кейін бокспен айналыс деп ешкімге айтпас едім. 4 жыл тер төгіп, еңбектенесің, Олимпиада туралы оймен өмір сүресің. Не үшін? Рингте әділетсіздікке душар болу үшін бе? Жігіттер, сатылмалы әуесқой боксты ысырып қойып, кәсіпқой боксқа ауысыңдар!» – деп жазған. Желі қолданушылары оны сөзсіз қолдаған.
Screenshot_6
Сол сияқты баспасөз конференциясында алтын медаль иегері Тищенкоға сауал жолдаған журналист Асхат Ниязов: «Кейбір Ресей БАҚ-тары жазғандай, Евгений Тищенкоға сұрақ қойған кезімде оның ызасына тигім келмеді. Маған оның пікірі қажет болды, сол себепті де дұрыс сауал жолдадым. Оны видеодан өздеріңіз де көре аласыздар. Ресей спортшысын кінәләп отырған жоқпын, өйткені шешімді ол емес, төрешілер шығарды. Евгений де Вася сияқты рингке сайысу үшін шықты. Ал одан кейін болған оқиғаны мен сынауға құқылы емеспін. Бокстың әзірге мен түсіне алмаған өзіндік заңдары бар», – деп жазды.

«Хабар» агенттігінің директоры Ринат Кертаев өзінің Инстаграмдағы парақшасында: «Василий сен нағыз чемпионсың! Сенің күмісіңмен ешбір алтын теңесе алмайды! Оған бүкіл әлем куә!» – деп Василий Левитке  қолдау көрсетті.

Танымал журналистің бұл жазбасымен желіде әнші Сәкен Майғазиев бөлісті. Сондай-ақ, «МузАрт» тобының әншісі Василийдің Тищенконы құлатқан сәтінен фото жариялап: «Алтын құлатқандыкі деп ойлап қалдыңыз ба? Қателесесіз…» – деп жазба қалдырған. Бұдан танымал әншінің Олимпиада төрешілерінің шешімін мысқылдағанын байқауға болады. Алайда таң сәріде сабасына түскен Сәкен Майғазиев: «Ненің xайырлы екенін Алла білуші! Қайырлы таң, қазақ елі!» – деп жазды.

Спортшыға жасалған әділетсіздікке қабырғасы қайысқан азаматтардың бірі – Қайрат Нұртас. «Оған әділетсіздік жасалды. Левит – сен ең мықтысың, нағыз лайықты спортшысың», – деп жазды ол.

Белгілі актер Ерден Телемисов: «Сені мақтан тұтамын, Вася! Сен чемпионсың! Сен мықтылардың мықтысысың!» – десе, әнші Серік Ибрагимов: «Василий Левит батырымызды бүкіл әлем мойындаған жеңісімен құттықтаймын!» – деп жазыпты.


Жіберіп алмаңыз:

Ұлттық құраманың бас бапкері: Левиттің қарсыласы менен кешірім сұрады

Левит қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғыс айтты

Қорытындысы дау тудырған Левит пен Тищенконың жекпе-жегі (видео)

Левиттің жеңілгені Олимпиадада үлкен дауға айналды

Талқылау