Левиттің жеңілгені Олимпиадада үлкен дауға айналды

Сейсенбі, 16 Тамыз , 2016 13:28

Рио олимпиадасында бокстан 91 келі салмақ дәрежесі бойынша бәсеке финалында төрешілер шешімімен ресейлік Евгений Тищенко – алтын, қазақстандық Василий Левит күміс жүлде алды. Алайда бокс сарапшылары мен жанкүйерлер төрешілер шешіміне наразы.

Василий Левит пен Евгений Тищенко кездесуінің бір сәті.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.

Левит рингте өте белсенді болды. Үш раунд бойы шабуылдап, қарсыласына біраз соққы дарытты. Ал ресейлік боксшы кездесу бойы қорғана жүріп, қарсыласу тактикасын өзгертпеді. Үшінші раундта Левиттен ауыр соққы алған Тищенконың қабағы жарылып, дәрігер көмегіне жүгінді.

Марапаттау рәсімінде де Василий Левит тұғырға көтерілген сәтте жанкүйерлер оған ұзақ қол соғып, қошемет көрсетті. Боксшының өзі тұғырда көз жасын сүртіп тұрды. Ал ресейлік Тищенко алтын алғанда залдағы көрермендердің барлығы дерлік қарсы екенін білдіріп жатты. Бірақ Левиттің өзі қолын көтеріп, олардан тыныштық сақтауды сұрады.

Финалдық кездесуден кейін спортшылар журналистерге сұхбат беретін микст-зонада Ресей мен Қазақстан журналистері біраз сөзге келіп, егесіп те қалды. Қазақстан тілшілері финалдың әділ болмағанына наразылық білдірсе, Ресей журналистері «Тищенко сауатты қорғана жүріп, соққыны аз жасаса да дәл тигізгенін» айтып жатты. Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов «сөзім жоқ» деп қысқа қайырды.

Финалдан кейін Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Василий Левиттің қолын көтеріп тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Василий Левит медалін алған соң «Жеңдім деп ойладым. Бірақ жан-жақта отырған төрешілер басқа жекпе-жекті көрген сияқты. Бастысы жаттықтырушылар қойған барлық тактиканы орындадым. Олимпиадаға келген барлық спортшы чемпион болуға келеді. Бірақ бұл жолы бір саты төмен тұрамын» деді.

Ал Ресей боксшысы Тищенко «Кездесудің қорытындысы туралы айту қиын. Егер мен әділетсіз түрде жеңіске жетсем, қарсыласымнан кешірім сұраймын. Мен жеңіске жеттім бе, әлде ұтылдым ба – толық түсінбедім. Секунданттарым да білмеген болар. Кездесудің нәтижесін күтіп тұрдым. Жеңіс маған берілгеніне өте қуаныштымын» деп жауап берді.

Марапаттау кезінде Ресей боксшысы Евгений Тищенко Қазақстан боксшысы Василий Левиттің қолын алып тұр. Рио-де-Жанейро, 15 тамыз 2016 жыл.

Ресей бокс құрамасының бапкері Александр Лебзяк «Тищенко екі раундта жеңіске жетті. Алғашқы екі раундта Левитке бапкерлері жеңіліп жатырсың деп ескертсе керек. Ол үшінші раундта көп соққы жасай бастады. Төрешілерге біз әсер ете алмаймыз. Бірақ Тищенко таза жеңді» деді.

Финал шешімі шыққаннан кейін Twitter әлеуметтік желісінде бокс сарапшылары мен жанкүйерлер Левиттің жеңіске жеткенін, төрешілердің шешіміне наразылығын білдіріп жатты. Сөйтіп қазақстандық боксшыны қолдау үшін #Levit хэштегі ашылды.

Бокс промоутері Лу Дибелла Twitter парақшасында “Менің ойымша, AIBA – мафия. Бұл – тарих үшін де, Олимпиада үшінде масқара” деп жазды.

Бұған дейін Василий Левиттің Қазақстан қоржынына күміс медаль салғанын хабарлағанбыз. Евгений Тищенко финалдағы жекпе-жектің қорытындысы бойынша өз ойын айтқан. Тіпті ресейлік бапкер төрешілер Левитке қатысты әділетсіздік жасағанын айтты. Жанкүйерлер жеңісті Левиттің қарсыласына берген төрешілерге қарсы шықты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ирландия, Колумбия және Алжирден келген төрешілер жеңісті Тищенкоға берді. Бокс өтіп жатқан Rioсentro кешеніне жиналған барлық жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразы болып, ұзақ уақыт гуілдеп, ал рефери Ресейлік боксшының қолын көтерген сәтте бүкіл залдағы көрермен «Қазақстан» деп айғайлап тұрып алды. Василий Левиттің өзі таңданысын жасыра алмай, басын шайқады.

Жіберіп алмаңыз:

Александр Зайчиков Рио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды

Василий Левит Қазақстан қоржынына күміс медаль салды

Олимпиадада қарсыласымен қол алыспаған Мысыр дзюдошысы еліне қайтарылды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар