Нұртас Адамбай депутаттыққа ұсынылған әріптестерін кейбір “ақылсыз” режиссёрларға теңеді

Сенбі, 30 Қаңтар , 2016 19:37

Кино саласында өзіндік орны қалыптасып үлгерген актер, әрі режиссёр Нұртас Адамбаев бүгінгі күні депутат болуға ұмтылып жатқан үміткерлер жайлы пікірін айтты.

12568896_664240050346109_651348718_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Шынымды айтсам, бәрінің заң шығарушы органдар орнына ұмтылып жатқаны, жан дүниеңді ауыртады екен. Оларды бұл қызметті атқара ала ма, жоқ па, ол ойландырмайтын сияқты. Бастысы соған жетсе болды. Меніңше, олар елдің жағдайын жақсартуға емес, тек депутат болуға ғана ұмтылады. Өйткені, абыройлы атақ қой. Депутат болса, туыстары арасында да беделі өсіп, олардың балаларына үлгі болады. Төстеріне көк түсті белгіні тағып алып, ақылды кейіп танытып, қарапайым халықтан не керегін сұрап, соны жөнге келтіруге уәде беріп жүреді», – деп жазады режиссер Facebook парақшасында.

Бұл көрініс кино саласындағы көптеген режиссерларды еске түсіреді. Ондай «режиссерларға», негізінен, «director» деп аталатын орында ақылды кейіппен отырғаны, айналасындағылардың шай тасып жүргені маңызды секілді. Сөйтіп отырып сценарийлерді  түзеген болады.

Бірде комедия түсірген кино саласының майталманын суреттен көріп қалдым. Оның суретке салмақты, ақылды түр жасағысы келгені көрініп тұр. Алайда, ол комедиядағы динозаврдың сүйегін жоғалтып алған археологқа көбірек ұқсайды.

Бір кездері маған «Сен режиссерсың, сен актерларға жақындамуың керек. Оларды ассистентер шақыруы тиіс. Сен мұнда бұйрық беру керексің. Сен өз беделіңді түсірмеуің керек. Ондай жұмыстарға арнайы адамдар бар», – деген еді. Сол сәтте мен кейбір адамдардың тек режиссер болып ойнайтынын түсіндім. Оларға істің нәтижесі емес, өзгелердің көзқарасы, режиссер деп мойындағаны әлдеқайда маңызды.

Сол сияқты бүгінде депутат болуға талпынып жатқандар да, әйтеуір депутат атанғысы келетіндер.

Бұл менің өз қиялымнан туған жеке пікірім.

Неліктен біздің елде бастық, депутат болуға жанталасып жатады? Ата-аналар балаларына кішкене кезінде «бастық боласың» деп жататын еді ғой. Мүмкін содан шығар. Біздікілер үшін мансап оның атқаратын рөлінде емес, атағында сияқты. Біздің жігіттер «гитарамен тұрамын ба жынды сияқты тойда?» деп кейбір жұмыстарды намыс көреді. Ал, Ташкенттен келген жігіттер қандай жұмыс болса да істеуге әзір болып, әйтеуір нәпақа табуды көздейді. Ал, біздікілер баяғыда өзіне айтқандай өзінің қашан «бастық болатын» сәтін күтіп жүре береді.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

38
Комментариев

Пікір қалдыру


Қазақ
10 ай 19 сағат кері

Егер Нұртас осылай айтып жатса онда ол маладес. )) əйтеуір есі дұрыс жігіт екен. Біздің депутаттарымызға и жоғарыда отырғандарға қарағанда…
Ато еліміз қуып кеттіғой… онсызда тарам тарамы шығып жатқан еліміз…
Бір құпия айтайын сендерге. Мен осы күнге дейін сайлауға бармағам и бармаймда. Лохатронғой ол таза.

Жұмбақ жан
10 ай 19 сағат кері

Егер Нұртас осылай айтып жатса онда ол маладес. )) əйтеуір есі дұрыс жігіт екен. Біздің депутаттарымызға и жоғарыда отырғандарға қарағанда…
Ато еліміз қуып кеттіғой… онсызда тарам тарамы шығып жатқан еліміз…
Бір құпия айтайын сендерге. Мен осы күнге дейін сайлауға бармағам и бармаймда. Лохатронғой ол таза.

Жұмбақ жан
10 ай 5 күні кері

Жұмбақ жан өз өзімен сөйлесіп əлек

Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Оте дурыс соилединиз Нуртас
Казыр кереги атак ягни мандат
Ал халыкка сурткендери бар

Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Ассалауиалеиком алдымен 1жыл бригадир болып он адамды баскартып кору керек

Бекназар
10 ай 6 күні кері
Құрметті Нұртас ! Сенің айтуың орынды, əзілдеп жақсы жеткізіпсің. Депутаттыққа көптеп орын ашу – олда жұмыссыздықпен күрес болар. Заң шығарып қарық қылмасада қол қоюғада адам керек қой. Қазақстанда жұмыс орындары ашылмасада, түкке керек емес тексеру орындары көптеп ашып жатыр ғой. Сол себепті жұмысшылардан бастықтар көп. Заң тармағынан депутат көп. Оларда сол заңды өзгерте беруден басқа жұмыс жоқ. Енді əншілермен, спортшыларымыз келсе депутаттыққа өзгеріс болатын болар. Жұмыс кестесі , жұмыс тəртібіне өзгерітер енер. Əншілеріміз əн айтып барін тындауға шақырар , ал тындамағандарын спортшыларымыз тəртіпке салар сөйтіп бір жұйеге келерміз ақыры. Не болсада сəттілік тілейік! Ешкімде депутат болып туған жоқ. Өздері ештеңе… Read more »
Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Дкрыс айтасыз.

Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Нуртастыкі дурыс, негізі умытпауымыз керек депутат орнына əнші,актер немесе бизнесмен адамдар керек емес, өйткені бұл ағайын ойын емес,бұл халықтың жагдайы, бұл 15 млн. қазақ азаматтардың өмірі.Бұл орынга акшанын қамын емес халықтың қамын ойлайтын білімді адамдар керек.Бірақ Бекболат ағамызды қолдаймын,халқына жаны ашар жан!

Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Нуртас қызтеке озин тузесе екен катынша киінбей

Жұмбақ жан
10 ай 6 күні кері

Ози де дым тусинбей депутат болып корди ма деймин кателеспесем.

1 2 3 4
wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
08.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар