Режиссерлер айқасы: Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты

Сәрсенбі, 14 Қыркүйек , 2016 18:07

Режиссер әрі продюсер Нұртас Адамбай Тимур Бекмамбетовтің ұсынысына қарсы шықты. Режиссер Бекмамбетов кинотеатрларда жүретін отандық кинолардың билет бағасын арзандату керектігін айтқан еді.

новый коллаж

Ал Нұртас Адамбай қазақстандықтардың сапалы әрі жоғары деңгейдегі фильмдерге ақша аямайтынына сенімді.

«Қазақстандықтар отандық фильмдерге қуана-қуана барады. Біздің батыстық және ресейлік фильмдермен тереземіз әлдеқашан теңескен. Біздің студиямыз түсірген алғашқы үш кинофильмнен түскен қаражат – осы сөзімнің айғағы. Қазақстандық фильмдердің билет бағасын төмендеткенше, шынайы іске кіріссек қалай болады? Мүмкін бюджеттік қаржыны ақылмен жұмсап, қызықты фильмдер түсіруге тырысқанымыз жөн шығар?! Онсыз да жетісіп жүрмеген жеке меншік студияларға қолдау көрсету керек деп ойлаймын. Отандық фильмдердің билет бағасы қанша тұру керектігін айтатындай, Тимур қанша қазақстандық фильм түсіріп еді? Мұндай ойларын неге ол Ресейде айтпайды? Ресейлік фильмдерді де американдық туындылармен салыстыра алмайсыз. Олай болса, онсыз да мемлекеттен бір тиын алмай, өз қаражатына фильм түсіріп жүрген жеке меншік студиялардың жағдайы не болмақ? Отандық кинолардың бағасын арзандату арқылы біз, ең алдымен, өз абыройымызды түсіреміз. Осылайша біз бүкіл әлемге «біздің фильмдер шетелдікінен кем, сол себепті де арзан» деп жар саламыз. Режиссер ретінде Бекмамбетов фильмді түсіруге қанша қаражат кететіні емес, оның көрерменді қаншалықты қызықтыратыны маңызды екенін білуі тиіс», – деп мәлімдеді Нұртас Адамбай.

Одан әрі режиссер кино әлемінің өте таза алаң екенін айтып өтті.

“Фильм ұнаса – адамдар барады, ұнамаса, бармайды. Кино әлемі – таза алаң”, – деді ол өз сөзінде. Оның айтуынша, Бекмамбетов ұсынған абонемент жасау идеясы Кеңестік замандағы азық-түлік үшін берілетін талондарды еске салған. Адамбай күндердің күнінде Қазақстанда киноның не екенін шын мәнінде түсінетін жандардың бұл салаға жауапты болатынынан үміттенеді.

Жіберіп алмаңыз: 

Адамбай түсірілім кезінде жақпай қалған актерлерге ортаңғы саусағын көрсететінін мойындады

Нұртас Адамбай неліктен үнемі көңілі толмай жүретінін түсіндірді

Нұртас Адамбай саясатқа бет бұруы мүмкін екенін меңзеді

Адамбай: Үстіне зәр шашылып, 5 жылға сотталған полицейге көмектесейікші

 

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Түңілген says:

    Нұртас Ад-ы ұреееп-ұреп қуып жіберу керек.

  • Жұмбақ жан says:

    Нұртас Адамбайдың кинолары маған ұнайды Менің жасым қырықта болса да,оның Сабина фильмі менің көңіл күиімді көтереди кəдімгідеи Қаита қаита көргім келе береді Сондықтан Нұртас Адамбаидың пікірін дұрыс деп санаимын

  • Анонимно says:

    анау нұртас адамбай деген таза тупой біреу ғой,оның проблема шешетіндей дәрежесі жоқ қо

  • Анонимно says:

    Адамбай мырза режиссер болсаң кеше болған шығарсың ылғи қатын-қалаштың рөлін ойнап, дегенмен сен өзіңнен үлкен жерлес ағаң Бекмамбетовтың тырнағына да татымайсың ғой, арзандаса қайта қалтасы көтере бермейтін жастарға жақсы емес пе?

  • Сұлтан says:

    Фильмдердің ішіндеде көруге тұрарлығы бар, қазыр кризис, сенің түкке тұрғысыз киноңды көреме, тамағын асырайма, жақсы фильм түсір барады, шемішкені жарнамалай бермей жақсы фильм түсіріңдер екеуіңде.Көшпенділерге қыруар ақша бөліп фильм жасап еді ,оны ешкімде менсінбеді, ана орыстар сияқты криминал, т.б.біздің өмірде болып жатқан сорақылықтарды, жегіштерді көрсетіңдер, сонда халық барады.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар