Алтынбек Қоразбаев “Ninety one” тобын жақтап сөйледі

Сейсенбі, 27 Қыркүйек , 2016 18:10

Алтынбек Қоразбаев алғаш рет “Ninety one”  тобына қатысты пікір білдірді. Ол шәкірттерінен өзгешеленіп, оларды жақтап сөйледі. Жұрт сазгердің бұл қылығын түсінбей сынап жатыр.

14350812_1803111663235605_1664970556_n

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бірнеше күннен бері “Ninety one” тобына қатысты жанжал қайта жандана түсті. Топты ел ағалары даттап, түрлі пікір білдірді. Арасында Бағлан Әбдірайымов секілді ашық шабуылға көшкендер де болды. Ол өзінің инстаграм парақшасы арқылы  топ жігіттерінің сырт келбеттерін өзгертпесе, оларды ұрып-соғатын жігіттердің табылатындығын жеткізген-ді.

“Ерболат және 91 тобы! “Есің барда еліңді тап” – деген мақалды еске түсірейін. Өнерлеріңе қарсы емеспін. Түрлеріңді өзгертіңдер! Қазақта намысы жоғары жігіттер баршылық. Бояйтын шаш, тағатын құлақ таппай қалып жүрмеңдер! Достық кеңесім!” – дейді Бағлан Әбдірайымов. Бұдан өзге аталған топқа қатысты Сәкен Майғазиев те пікір білдірген болатын. Ол жігіттердің талантына бас иетіндігін айтып, оларды мақтаған-ды. Десе де, олармен кездесіп сырт келбеттерін өзгертуге ағалық кеңесін бергенін де жасырмады.

Енді міне аталған топқа қатысты Алтынбек Қоразбаев өз пікірін білдірді. Ол керісінше 91 тобын жақтайтындығын айтып жатыр. Ал сазгердің шәкірттері оның бұл әрекетін түсінбеген-ді.

“Сырға таққанда тұрған не бар? Кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Мінеки, менің оң құлағым тесілген. Бала күнімде туған әпкем мені ұзақ жасасын деген ниетпен құлағымды тесіп, сырға таққан екен. Сол сырғаны 4 сыныпқа дейін тағып жүрдім. “Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып” деп бұйыра сөйлеген жарамайды. Біз Еуропадан қалмауымыз керек. Айтсын. Өмір өзен болғандықтан, оның ағысынан қалып қоймау керек”, – дейді Алтынбек Қоразбаев  Инсталайық бағдарламасында.


Жіберіп алмаңыз: 

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Оңтүстік жастары: “Ninety one” тобына қарсымыз, Шымкентте концерт өткізуіне жол бермейміз (видео)

Алаяқтар Ninety one тобының атынан байқау өткізіп жатыр

Ninety one бейнебаяндарының “ауылдық” нұсқасы шықты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

20
Комментариев
  • Анонимно says:

    91 колдагандар бари педиктер тукиргеним бар сендерге

  • Анонимно says:

    Дурыс айтасыз алтынбек ага олар онер адамдар бизден халык осыны тусинбейди оздернен жогары шыкса кормей калады ари турли стилде кину керек сырга бурын заманда батырлар тагып журген осыны умытпа

  • Анонимно says:

    Ол жакта кыздары жартылай жалаңаш журеди, сонда казак кыздарыда солай жургени дурыспа калмауымыз керек деп

    • Анонимно says:

      Қыздарын шешініп тастағалы қай заман

    • Араш says:

      Саған біреу қалма деп жатырма,жасамайақ қой ұнамаған нəрсені, сондай болып боя деп жатырма .ана бас не үшін тұр.

  • ххх says:

    Жигитпиз деп билек сыбанып отырсандар коргансыз жандарды жас балдырган қыздарды қоргандаршы бекер тыныш жургендерге тиспей

  • Анонимно says:

    Булар да бойанган екен ендиги калган жерине шетелдин айелдеринин кийимдерин кийсинши еркек емес катын болганы жон болар сендер Казак емес азгынсындар онбагандар

  • Анонимно says:

    Алтынбек Коразбаев кезинде кандай болгансын соган лайыкты соз сойленизши

  • Анонимно says:

    Ой Қоразбаев көкең де қуды гейді жақтап.
    Немересі солардай боянып жүрсе көрер едім ертіп жүргенін

  • Анонимно says:

    Еуропада еркекпен еркек үйлене береді. Бізде үйленеік. Елден калмайык деп айтпадынба

  • Анонимно says:

    Бағылан дұрыс айтқан .Дүниеге жігіт болып келгесін , жігітке ұқсап жүру керек .

  • Анонимно says:

    Жекискен екенбиз агаларымыз осылай сойлесе. Айелдин киимин киседе колдайтын шыгар енди….

    • Анонимно says:

      Аға буын емес ата буын қуайын депті ғой. Базар жоқ… Онда бəріміз сырға тағып, ашық жердің бəрін бояп алайық. Фуу жиіркенішті. Мұсылман еркекке əйел ге ұқсап жүру харам етілген.

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
28.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар