Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Ғалымжан Молданазар “Өзің ғана” әніне түсірілген бейнебаянымен жұртты елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz.

photo_13064

“Егер менен қандай бейнебаяндарды ұнататынымды сұрар болсаңыз, ойланбастан осы туындыны көрсетер едім. Бұл саған еркіндік сыйлайтын жастық шақ туралы, саған уақыт сыйлайтын еркіндік туралы туынды. Армандау, ойлау, қателесу мен басынан бастау, үйрену, көңіл қалу, жақсы көру мен билеуге берілген уақыт жайында. Қараңғыда ұстап көруге болатын музыка жайында. Мүлдем жасандылық жоқ. Бір секунд та бос кетпеген. Бәрекелді”, – деп жазған қазақстандық блогер Ержан Рашев өзінің Facebook желісіндегі парақшасында.

Оқиға қарттар үйінде өрбиді. Қариялар музыкаға елжіреп, өздерінің жастық шақтарына оралады.

Түсірілімге қатысқан актерлерді әнші ардагерлер үйінен тапқан және олардың барлығын клиптің тұсаукесеріне шақырған. Бейнебаян режиссері – Мәлік Зеңгер.

Жіберіп алмаңыз: 

Тыңдаңыздар: Ерке Есмаханның әйел бақыты туралы жаңа әні (видео)

Тойда билеген Мейрамбек ғаламторды «жарды» (видео)

Мөлдір Әуелбекова декреттік демалысында үй жабдықтарын тігіп жатыр

Талқылау