Бекмамбетовке қарсы шыққан Адамбай енді оны шексіз құрметтейтінін айтты

Бейсенбі, 29 Қыркүйек , 2016 17:01

Актер, продюсер әрі режиссер Нұртас Адамбай танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтің жақсы азамат әрі ерекше жан екенін айтты. Бекмамбетовпен шынайы өмірде танысқан ол режиссер туралы алғашқы ойын өзгерткен секілді.

тимур нуртас

Естеріңізде болса, жақында режиссер Бекмамбетов отандық кинолардың билет құнын арзандату жөнінде бастама көтерген еді. Оны естіген Адамбай әріптесіне қарсы шықты. Мұндай қадамның өз абыройымызға нұқсан келтіретінін мәлімдеген ол Бекмамбетовке ашық түрде шабуылдаған-ды.

Ол кезде Нұртас Адамбай: «Отандық фильмдердің билет бағасы қанша тұру керектігін айтатындай, Тимур қанша қазақстандық фильм түсіріп еді? Мұндай ойларын неге ол Ресейде айтпайды?» – деген еді.

Ал бүгін Бекмамбетовтің өзімен танысқан ол:

«Тимур Бекмамбетовпен танысқаныма қуаныштымын. Өте жақсы әрі ерекше азамат. Қазақстаннан тыс аумақта үлкен жетістікке жеткен алғашқы отандық режиссер. Құрметтеймін», – деп жазды.

Желі оқырмандары жуырда ғана «айқасқа» түскен режиссерлердің бұл қылығын түсінбей қалды. Олардың көпшілігі билет құны мәселесінің шешілген-шешілмегенін сұраумен әлек болды.

Жіберіп алмаңыз: 

Қазақстандық блогер Қайрат Нұртасқа сахнаға шығып түкіруді ұсынды

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Көзге жас келтіретін бейнебаян! Динара Сұлтан мүгедек балаларды қолдап клип түсірді (видео)

Тұңғышбай Жаманқұлов: Арыстанбекпен текетіресім ол ректор болып тұрғанда басталған

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Әділетті Қазақстан жок says:

    Деп атакты Бекмамбетовпен өйтіп бүйтіп танысып алдым де

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар