Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда қаласында да “Ninety one” тобының концерті өтпей қалды

Атышулы “Ninety one” тобының Қызылорда қаласында жоспарланған концерті өтпей қалды. Жергілікті бір топ жастар аталмыш топтың ән кешін өткізуіне қарсылық білдірген.

найнтиуан91

Бұл туралы Азаттық хабарлады.

Концерт ұйымдастырушысы Владиславтың айтуынша, бірнеше мейрамхана белгісіз себептермен концерт өткізуден бас тартқан. Бұл жағдайға қала әкімдігі «қатысымыз жоқ» деп отыр. Десе де қала тұрғыны Жандос Оразмаханов әкімдіктің концерттің өтпеуіне келісім бергенін айтуда.

«Біз бір топ қала жастары әкімдікке барып Сырдың жігіттері қарсы деп айттық. Олар да өткізбейміз деп уәде берді. Соған қарамастан өзіміз көз жеткізу үшін шықтық», – дейді ол. Сол сияқты қала тұрғыны Серікхан Жүзеев топқа қарсылық білдіруінің себебін түсіндірді.

«Қызылорда жастары біздің дәстүрімізге қарама-қайшы келетін топқа қарсы. Әрине, өзге қалалардағыдай біздің қалада да болмайтын болды. Өйткені олардың киім киістері, жүріс тұрыстары, болмыстары біздің қазақ жігіттеріне тән емес», – деп атап өтті ол.

Концерттің неліктен өтпей қалғаны әзірге белгісіз болып отыр.

Естеріңізде болса, бұған дейін атышулы топтың Ақтөбе, Қарағанды және Жезқазған қалаларында жоспарланған концерттері өтпей қалған еді.

Жіберіп алмаңыз: 

Қонарова “Ninety one” тобын атақты “The Beatles” тобына теңеді

Әкімдік Қарағандыда “Ninety One” тобының концертінің өтпей қалуының себебін түсіндірді

Мүгедек бала 91 тобына алаңдаймын деп ауырып қалған

Жұбайынан айырылған Абай Бегей жан-жарасы туралы айтып берді

 

Талқылау