Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды мен Жезқазғанда атышулы “Ninety one” тобының концерті өтпей қалды

“Ninety one” тобы Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, концерт беруде. Қазанның 11 күні басталған гастролдік сапар 18 күні Қарағанды қаласында өз жалғасын табуы тиіс еді. Алайда Қарағандының бірқатар жастары бас көтеріп, аталмыш топтың концерт өткізуіне қарсылық білдірген. Тіпті, қала әкіміне өтініш хатын жазыпты.

найнти уан

Ғаламторда Октябрь ауданы жастарының атынан қала әкімі Нұрлан Әубәкіровтің атына үндеу хаты тарап кеткен. Жастар өз хаттарында аталмыш топтың қазақ халқының дәстүріне, салтына, дініне, намысына, менталитетіне жат нәрселерді эстрада арқылы енгізіп жатқанын айтып шағымданған. Осыны негізге ала отырып, Қарағанды жастары 91 тобының концертіне заң жүзінде тосқауыл қоюды сұраған. Қала әкімі жастардың өтінішін орындаса керек-ті, кеше атышулы топтың жоспарланған концерті өтпей қалды. Сатылған билеттердің ақшасы кері қайтаралып, аталмыш топ жанкүйерлері сүйікті әншілерін көре алмай қалды.

хат караганда

Cондай-ақ, әлеуметтік желілерде қаланың барлық жастарын наразылық шеруіне шақыратын мынадай хабарлар таратылған. 2a366321-1f7f-42a3-a1c4-410a634d607b

Одан бөлек, 19 қазанға, яғни бүгінге жоспарланған “Ninety one” тобының Жезқазғандағы концерті де өтпейтін болды. Қала әкімдігіне 350 жас жазбаша түрде өтініш алып келгендіктен, әкімдік олардың талап-тілегін орындаған.

a1ae135a3ce0ff69c0e0d4ccd46792d8

a6fe4898dca57c1ac2f03709c22af21a

Есесіне топтың өзі бұл қалаларда міндетті түрде концерт беретіндерін айтуда.

«Қарағанды Eaglez, жақын арада біз міндетті түрде көрісеміз.
Белгілі себептермен цирктің әкімшілігіне концертті белгісіз уақытқа шегертуге тура келді. Мұңаймаңыздар және шыдамды болыңыздар! Кездескенше!» – деп жазылған топтың Instagram-дағы ресми парақшасында.

Айта кетейік, 30 қыркүйек күні атышулы топтың Ақтөбедегі концерті де өтпей қалған еді. Ол кезде Ақтөбе өнерпаздары атынан бірнеше адам бас көтеріп, аталмыш топтың концерт өткізуіне қарсылық білдірген болатын. Анығында қарсылық білдірушілердің басым бөлігі аталмыш топтың имиджіне көңілдері толмайтынын айтуда. Түрлі-түске боялған шаш, құлақтағы сырға, макияж… Ел наразылығын тудырған да осы дүниелер. Бұған дейін 91 тобы Өскемен, Семей, Павлодар, Петропавл, Көкшетау қалаларында концерт беріп үлгерді. Жезқазғаннан кейін аталмыш топ Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарында концерт беруі тиіс.

Жіберіп алмаңыз:

Беделхан “Ninety one” тобына қалыптасқан кері көзқарасқа БАҚ өкілдерін кінәлап отыр

“Ninety one” тобы: Біз қызтеке емеспіз, біз қыздарды жақсы көреміз

 

 

Ұйымдастырушылар Ninety One тобының Ақтөбеде өтпей қалған концерті үшін 6 миллион теңге талап етуде

Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

 

 

Талқылау