Асхат Садырбай Ninety one тобының әнін ұнатып, стилін сынға алды

Сәрсенбі, 5 Қазан , 2016 9:24

Журналист, тележүргізуші Асхат Садырбай Ninety one тобына қатысты өз пікірін білдірді. Ол аталмыш топтың «Қайтадан» деп аталатын туындысын тыңдап, жоғары бағалады. Алайда Садырбай да өзге әріптестері секілді жігіттердің түрлі-түсті шаштары мен құлақтағы сырғаларына наразылық танытты.

91

«Бүгін бірінші рет Ninety One ның “Қайтадан” деген әнін тыңдадым. Керемет. Браво, жігіттер. Сапалы sound, сауатты, заманауи, әлемдік стандарттарға төтеп бере алатын ән», – деп бастады сөзін Садырбай желідегі парақшасында. Одан кейін Асхат Садырбай «Орда» тобының шаршағанын, ал олардың жолын жалғайтын 91 тобы екенін айтты.

Осылайша әнін тыңдап, бейнебаянын тамашалап, Садырбай Беделханның тобына «5» деген баға берді. Дегенмен де ол да өзге әріптептестері секілді Ninety one тобының образы мен стиліне «ескерту» жасады.

«Ұнамағаны – жігіттердің сырғасы мен шаштағы, беттегі корей стиліндегі бояуы, гримі. РОР музыка королі Майкл Джексон, одан кейін әлемге әйгілі болған К рор-бәрін түсінем. Бірақ біз өзіміздің ұлттық болмысымызды жоғалтпасақ. Егер топ продюсерлері қазақ әнін, өнерпаздарын әлемге танытамыз десе, онда әншілер де қазақ сияқты қоңыр немесе қара шашты болғаны абзал. Сосын, сырғаны шеше салыңдаршы, өтініш. Ұл өсіріп отырмыз, ертең олар да сырға тағамыз деп шықса қиын ғой. Басқасына дауым жоқ. Бәрі кәсіби түрде ойластырылып, жүзеге асып жатқанын көрдім», – деп түйіндеді сөзін тележүргізуші.

Желі қолданушыларының арасында Садырбайдың пікіріне қосылып, жақтағандар да, қарсы шығып, даттағандар да табылды. Қарсылық танытқандардың дені 91 тобының жанкүйерлері. Олардың айтуларынша, топты ерекшелеп тұрған дүние де – олардың стильдері.

Жіберіп алмаңыз: 

Баян Мақсатқызы біреудің ақшасына күн көретін әйелдерге үндеу жолдады

Ләйлә Сұлтанқызына қолдау білдірген Есболат Беделхан халықтың жауыздығына қайран қалды

Ұстазы Мейрамбектің жастай «қайын ата» атануының себебін түсіндірді

Кәріс қыздарына Ninety one тобы ұнамай қалды (видео)

Ерболат Беделхан 91 тобын сырт келбетіне қарап бағаламауға шақырды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар