Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерболат Беделхан 91 тобын сырт келбетіне қарап бағаламауға шақырды

Қоғамда екі жақты пікір тудырып, тіпті, кейбір қалаларда жастардың бас көтеруіне себепші болған Ninety one (91) тобының продюсері Ерболат Беделхан жігіттерді сырт келбеттеріне емес, ішкі жан дүниелеріне қарап бағалауға шақырды.

gey.jpg11

«Адамның сырт келбетіне қарап пікір қалыптастыруға бола ма? Бастысы ішіндегі әлемі емес пе? Қате мін тақпаңыздар, олар сіздер ойлағандай адамдар емес», – деп жазды әнші әрі продюсер желідегі парақшасында.

pogudx2ac3179mds1g.a5cc92d6

«Біз сіздерді жақсы көреміз, қандай жағдай болмасын сіздерді қолдаймыз», «Ең мықты топ», «Иглздар сіздермен бірге, берілмеңіздер», «Айта берсін жұрт», «10 шақты адамның пікіріне бола мойымаңыздар», – дейді 91 тобын жақтаушылар. Өзге желі қолданушылары:

«Дегенмен сырт келбеті бірден көзге түседі. Ешкім оның ішіне кіріп шықпайды. Қазаққа қатысы жоқ дүниені неге тықпалап қинайсың? Сырт келбетін көрген адам жан дүниесіне үңілмек түгілі жанына жолаудан жиіркенеді», «Шашты қайта-қайта бояу және киіп шығатын киімдері артық болып кетеді», – дейді.

Жіберіп алмаңыз: 

Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

Ақтөбеде атышулы Ninety one тобының концерті өтпей қалды

Ақтөбеде Ninety One тобын сүйіп тыңдайтын бір топ қыздар облыс әкіміне үндеу жолдады (видео)

“Ninety one” әншісі: Қазақтың қаны таза болғандықтан, елімізде сұлу қыздар өте көп

 

Талқылау