“Ninety one” әншісі: Қазақтың қаны таза болғандықтан, елімізде сұлу қыздар өте көп

Жұма, 30 Қыркүйек , 2016 12:15

“Ninety one” тобының айналасындағы дау толастар емес. Күн сайын жігіттердің киіну стиліне қатысты түрлі жағымсыз пікірлер айтылып жүр. Мұнымен қатар, аталған топ мүшелерін жақтап сөйлегендер де бар. Естеріңізде болса, бірнеше ай бұрын берген сұхбаттарында жігіттер өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтқан болатын. Сол сұхбатта BALA Қазақстанда әдемі қыздардың жоқ екенін тілге тиек етіп жұртты шулатқан-ды. Жуырда жігіттер тағы да бір сұхбаттарында аталған видеоға монтаж жасалғандығын айтып өтті.

image

Фото: instagram.com/91ninetyone.kz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жігіттер отандық арнаға берген сұхбаттарының бірінде өздеріне қандай қыздар ұнайтынын айтқан болатын.  “Әрбір адам ғашық болмас бұрын сүйіктісін сырт келбетіне қарап таңдайды. Яғни жігіттер әдемі қыздарға көбірек назар аударады. Ал Қазақстанда әдемі қыз жоқ сияқты”, – дейді BALA.

Ал ALEM керісінше туған жерінде сұлу қыздардың көп екенін айтып, талғамына сай арулардың жақсы қасиеттерін жіпке тізді. “Маған барлығынан ерекшеленіп тұратын қыздар ұнайды. Ойлау қабілеті басқаша келетін. Аспанда қалықтап жүретін “ғарыш” қыздар болады ғой. Міне дәл сондай қыздар ұнайды”, – дейді ALEM.

BALA-ның жоғарыдағы сөздерінен кейін барша тыңдарманы оған ренжіген-ді. Алайда әншілердің өзі бұл ақпараттың жалған екенін айтып отыр. Яғни “Видеоға монтаж жасалған” дейді олар.

“Егер адам баласы ол видеоны дұрыстап қарайтын болса, монтаж жасалғанына көз жеткізеді. Менің әжем мен анам қазақ. Қарындасым мен тәтелерім де қазақ. Осыны біле тұра “Қазақстанда сұлу қыз жоқ” деп айтуым еш ақылға сыймайтын дүние ғой. Шын мәнінде, Қазақстанда әдемі қыздар өте көп. Тіпті әлем бойынша ең сұлу қыздар біздің елімізде тұрады десек те болады”, – дейді BALA.

Әріптесінің сөзін ACE те қоштай түсті. Оның айтуынша, видеоның авторы осылайша өзіне жарнама жасамақ болған. “Басқа мемлекеттердің адамдары біздің табиғи сұлулығымызға қатты қызығады. Себебі, көп елдің бойжеткендері сұлу болып көріну үшін пластикалық отаның көмегіне жүгінеді. Ал Қазақстанда мұндай үрдіс жоқ десек те болады. Ал біздің қанымыз таза болған соң, қазақ қыздарының барлығы сұлу. Иә, BALА әлгі сұхбатқа бола ыңғайыссыз жағдайға қалды. Сол видеоны жасаған адам біздің арқамызда өзіне жарнама жасамақ болған. Расымен де, ол видео өте көп көрілім жинады. Сол сәтте біз қасында болдық. Оның басқаша айтқанын жақсы білеміз”, – дейді ACE.

“Ninety one” тобы 2014 жылы  құрылған. Топтың бас продюсері – Orda тобының мүшесі Ерболат Беделхан. Топта 5 адам.  Олар – Зенкаев Азамат Байболатұлы (A.Z.),  Мәлік Батырхан Абайұлы (ALEM), Ашмақын Азамат Қайратұлы (ACE), Мұхаметқали Дулат Болатұлы (ZaQ),  Құлымша Данияр Ақылбайұлы (BALA).


Жіберіп алмаңыз:

“Ninety one” продюсерлерінің туған күніне ерекше тосынсый жасады (фото, видео)

Сәкен Майғазиев “Ninety one” тобына қатысты пікір білдірді

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

“Ninety One” тобының ата-аналары оларға сырға мен боялған шаш үшін ұрысқан

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Рая says:

    Бəсе, бұл жігіттер олай айтуы мүмкін емес. Осы балалармен алыса бермей өз шаруаларыңмен айналысыңдар, өсекші еркектер!

  • рэп тыңдайтын әже))) says:

    Осы топты қаралап жүргендердің ар үят, имандары жоқ, сырға таққан, шаш бояған бұрын соңды қазақ болмағандай. сы балаларды қызтеке деп айтатындарға айтарым, ғайбат сқздің күнасын өздерің тартасыңдар…басқа бәле тілден дейді, бас сөйлегенше осы ұаршадай балалар сияқты еңбек етіңдер…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
24.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар