Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ninety one “91” тобына бәсекелес “99” тобы “пайда болды” (видео)

Қазақстандағы телебағдарламалардың бірінде атышулы Ninety one тобына бәсекелес Ninety nine (99) тобы пайда болды.

Ninety-One-4

Фото: erkindik.kz

“Хабар” арнасындағы Қызық TIMES бағдарламасына танымал Ninety one тобы қонаққа келді. Аталмыш бағдарлама барысында жүргізушілер топқа дайындап қойған тосынсыйларын да көрсетті.

Сахнаға шыққан төрт жігіт өздерін 99 тобымыз деп таныстырып, Ninety one тобына пародия жасады.

Бұған дейін қазақстандық Ninety one тобы Ақтөбе қаласында 30 қыркүйек күні жеке концерттерін өткізетінін хабарлап, тіпті билеттер сатыла бастаған болатын. Алайда топ продюсері “Қоныс” спорт сарайының өкілдерімен келісімге келе алмаған сыңайлы. Осыған дейін ақтөбелік асабалар топ концертін қалада болдырмау туралы акция өткізіп, артынша топтың қолдаушылары облыс әкіміне үндеу жолдап, топ пен оның тыңдармандарына жанашырлық танытуды сұраған еді.

Бұған дейін оңтүстік жастары аталмыш топтың Шымкентке келуіне қарсылық білдіріп, акцияға шыққан болатын. Кейінірек сол өңірдің басқа тұрғындары топты қолдау шарасын ұйымдастырды.

Оқи отырыңыз:

Танымал әзілкештер түрік сериалына пародия жасап “Сұлтан Сүлейман брат” киносын түсірді (видео)

Бекмамбетовке қарсы шыққан Адамбай енді оны шексіз құрметтейтінін айтты

Қазақстандық блогер Қайрат Нұртасқа сахнаға шығып түкіруді ұсынды

Асхат Тарғынмен жаға ұстасқан асаба төбелестің неден шыққанын айтып берді

Көруге тұрарлық бейнебаян: Молданазар қазақстандықтарды елжіретті (видео)

Әншінің анасы: Гүлнұрды танымал еткен әуелі Алла, екінші – өмірлік жолдасы

Бейнебаян түсіруге ақшасы жетпеген Серікбол Сайлаубек қол жайып қайыр сұрады

Талқылау