Эстрада жұлдыздары баласын соққыға жыққан безбүйрек ана туралы пікір білдірді

Жұма, 11 Қараша , 2016 18:36

Желіде пайда болған жантүршігерлік видео ешкімді бей-жай қалдырмады. Барша қазақстандықтар өз сәбиін аяусыз ұрып-соққан безбүйрек ананың табылып, жазалануын тілеп отыр. Желі қолданушылары әлеуметтік желілерде аталмыш видеоны қызу талқыға салды. Қоғамдық проблемаға айналған мәселеде жұлдыздар да шет қалмады, деп хабарлайды Stan.kz.

н523333

Әнші Сәкен Майғазиев: «Әлеуметтік желіде жүрген таспа-түсірілім (бейкүнә сәбиді сабап жатқан әйел) жүрегімді сыздатып барады. Еркек басыммен еңкілдеп отырмын. Ондай адамдарды маған салса атып тастар ем», – деп пікір білдірді. Оның сөзіне RinGo тобының солисі Аян Бірбаев та қосылды. Кішкентай сәбидің амандығын тілеген ол:

«Алла тағала жазасын берсін осындай оңбаған, адам емес хайуанның!» – деп жазды.

Сол сияқты танымал продюсер Алуа Қонарова да қатігез әйел қолына түссе, аямайтынын жеткізді. Ол қандай да бір ақпаратқа ие жандарды аталмыш оқиғаға селқос қарамауды сұрады.

Ал белгілі тележүргізуші Мәдина Балғабаева оқиғаның анық-қанығының анықталып жатқанын мәлімдеді.

«Соңғы мәлімет бойынша, Алтын-Орда базары маңында болған оқиға», – деп жазды тележүргізуші.

Естеріңізге сала кетейік, желіде емізулі сәбиін шапалақпен ұрып жатқан әйел туралы жазған едік.

Жіберіп алмаңыз:

Бойжеткен құрбысының өлімін оның сүйіктісінен жасырып қалған

Павлодарда 7 жасар қыз анасынан соққы жегенін ұстаздарына айтқан

Шымкентте жайдары мінезді кондуктор жолаушылардың көңілін көтеріп жүр

Алматы облысында әкім ұлымен қосылып қарапайым тұрғынды сабап тастаған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

4
Комментариев

Пікір қалдыру


Анонимно
21 күні 8 сағат кері

Жулдыз деп откан дарын да адам емес па

Анонимно
22 күні 18 сағат кері

Бул жерде жулдыздар акыл айтып отырган жок пiкiрлерин билдирип отыр делiк

Анонимно
22 күні 23 сағат кері

Жұртқа ақыл айтатын бұлар кімдер соншама

Анонимно
23 күні 10 минут кері

Жұлдыздар дейтіндей олар не істеп едіі№ Солардың ақылын ақыл деп…

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
04.12.16
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар